Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осы аптада Көкпекті аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Жастар рухы» жастар қанаты және аудандық жастар мәслихатының депутаты Бақытгүл Ершенова, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Төлегенов Қайрат Жайықұлымен кездесіп, биылғы жылғы ауыл қауіпсіздігі негізінде жүргізілетін іс-шаралар жоспарын талқылап, есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу және жастар арасындағы тәртіп тақырыбында пікір алмасты. Сонымен қатар Қайрат Жайықұлы есірткімен күреске байланысты заңдағы өзгерістер жайлы айтты.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев есірткі жасырушылар үшін неғұрлым жеңіл жаза енгізу мәселесін реттейтін заңға қол қойды, аталған заң есірткі заттарын өндіріп, өткізуді ұйымдастырғаны үшін жазаны қатаңдатады. Заңдағы негізгі өзгерістер туралы айта кетсек:
Есірткі өндірісін ұйымдастырушылар үшін жаза күшейтілді:


Есірткі өндіру, өңдеу немесе дайындағаны үшін, қазір 15 жылдан 20 жылға дейін немесе мүлкі тәркіленіп өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Есірткі жасырушылар үшін жазаны жеңілдету:
Ауырлататын мән-жайларсыз бірінші рет қылмыс жасағаны үшін - мүлкін тәркілеуді сақтай отырып, жаза 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға төмендетілді (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін). Себебі, қылмыстық іс-әрекетті жасаушылар және есірткі жасырушылар, көбінесе жастар болып келеді.
Қайта қылмыс жасағаны үшін - мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Оқу орындарында және қылмыстық топ құрамында есірткі таратушылар үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Лауазымды адамдардың есірткіні таратқаны үшін мүлкі тәркіленіп 15 жылдан 20 жылға дейін (бұрын 10-15 жылдан бастап) бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қосымша шаралар:
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді ірі көлемде заңсыз өсіргені үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.
Прекурсорлардың, улы, күшті әсер ететін заттардың және есірткі заттарын өндіру үшін пайдаланылатын құралдар мен жабдықтардың заңсыз айналымы үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аналогтарымен жұмыс істеу қағидасын бұзу реттеліп жатыр.
Заң Мемлекет басшысының 2024 жылғы наурызда Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес қабылданды және халықты қорғауға және есірткі қаупімен күресуге бағытталған.
Сұрақ: заңның кері күші бар ма?
Жауап: қазіргі уақытта есірткі сатқаны үшін сотталған есірткі жасырушылардың бір бөлігі, бұл бүкіл Қазақстан бойынша 1000-нан астам адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға құқығы бар. Олардың құқығы жазаны өтеу орны бойынша өтініш хат беру немесе адвокат арқылы жүзеге асырылады. Әрбір жағдайды сот жеке қарайды, осылайша сотталған адам жазаны жеңілдету құқығын ала алады».

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз