Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N2733 Конституциялық заңының негізінде, Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасының Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
Қазақстан Республикасы Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Қазақстан Республикасының Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан -Әбішұлы Назарбаев бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланды.
1 желтоқсан Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Бұл біздің еліміз үшін жаңа мереке болып саналады.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егеменді Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты, Мемлекет бас¬шы¬сы болып сайланған Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мем-лекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қа¬зақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.
Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз елiндегi тыныштық пен келiсiмдi көзiнiң қарашығындай сақтауда.
Тұңғыш Президент күні-бұл тарихи таңдау күні, барлық Қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні.
А.Алдиев Көкпекті аудандық сотының төрағасы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.