Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 20 қарашада Судьялардың VI съезінде берген тапсырмаларын және Съездің қаулысын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру және оны оңтайландыру мақсатында Жоғарғы Сотымен жергілікті соттардың интернет-ресурстарында «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» электронды сервистері іске асырылған.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу кодексінің (бұдан әрі мәтін бойынша – АІЖК) 150 бабының 1 бөлігіне сәйкес, «талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілу» мақсатында жүзеге асырылуда. Ал, АІЖК-нің 150 бабының 2 бөлігіне сәйкес «талап арыз сотқа электрондық құжат нысанында берілгенде оған азаматтық іс-жүргізу кодексінің 150 бабының 1 бөлігімен көзделгендей электронды түрдегі құжаттардың көшірмелері тіркеледі».
«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінде «Электрондық өтініш беру», «Талап арыз беру», «Хаттама көшірмесін беруге арыз», «Сот отырысының хаттамасына арыз-ескертпе», «Төлем чегін тексеру», «Сот істерін іздестіру», «Сот отырысының жазбаларын көру» және «Хабарламаларды, хабарлама қағаздарды, сотқа шақыру қағазын алу» электрондық сервистері жүзеге асырылды.
«Сот кабинеті» сервисіне кіру үшін сізде электронды цифрлық қолтаңбаңыз болу керек. ЭЦҚ-ны халыққа қызмет орталығынан алуға болады. Үйде отырып алып «Сот кабинеті» арқылы мысалы талап арыз беру үшін интернеттегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсында www.sud.kz сайтқа кіріп, сайттың оң жақ шетінде «Сот кабинеті» қосымша бетіне кіріп, қарапайым ғана тиісті әрекеттерді жүзеге асырып арызыңызды тиісті сотқа жөнелте аласыз. Бұл талап арыз сотқа түсіп қабылданған уақытта сізге тіркелгені жөнінде хабарлама келеді. Бұл сервис әрі тиімді, әрі көп уақыт алмайды.
М.Маутканова, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының жетекші маманы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.