Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» аясында Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің мектебінің 10 сынып оқушыларына сот жүйесінің жұмысымен таныстыруға арналған кездесу өткізілді.
Кеңсе меңгеруші Л.Құнанбаева іс-шараны аша отырып, оқушыларға соттың негізгі қызметі туралы электрондық әділ сотының жұмыс істеу тәртібі туралы мәселені түсіндірді. Сонымен қатар, сотта іс жүргізуді жеңілдеткен және әділ соттылықты жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігін жоғарлатқан жаңа өзгерістер туралы айтты. Бұл, сот базасын автоматтандырудың артықшылықтары және «Төрелік» бағдарламасын енгізу, барлық сот отырысында дыбыс, бейнежазбасымен міндетті түрде жүргізу, «Сот кабинеті» порталын құрудың оң нәтижелеріекендігін атап өтті.
Кездесу барысында Л.Құнанбаева қонақтарға сот ғимаратын аралатып, бүгінгі таңда сотта қолданылып жатқан «Сот кабинеті» сервисімен, мобильді «Сот кабинеті» қосымшасымен, сот отырысы залдарында орнатылған АБТ (АВФ) құрылғыларымен, кеңсе жұмысымен және тағы басқа ақпараттық технологиялармен таныс-тырды.
Сот төрағасы Б.Қаджиақпаров жас қазақстандықтармен кездесу өткізіп, оның барысында оқушыларға осы еліміздің, аймақтың сот жүйесі туралы, оның құрылымымен жұмысы жөнінде, судьялық қоғамдастық органдары қызметі туралы, судья шеніне біліктілік емтихан тапсыру талаптарын айтып өтіп, өз кезегінде, оқушылардың туындаған сауалдарына жауап берді.
Іс-шара соңында сот төрағасы қатысушыларға алғыс білдіріп, білім алу жолында табыс тіледі .
ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық
сотының баспасөз қызметі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.