Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын 30 тамыз тойланатын Конституция күні - мемлекеттік мереке болып табылады. 1995 жылдың дәл осы күні республикалық референдумда елдің басты Ата Заңы қабылданды.
Қазақстан Конституциясы заңды ғана емес, сонымен қатар этика ережелерін де қамтитын, мемлекеттің негізгі құрылымдарын қалыптастырудағы халқымыздың бірлескен үлкен жетістігін білдіретін Республиканың бейресми символы болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері демократиялық жүйе қалыптастыруда айтарлықтай алға басып, әлеуметтік-экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізді. Онымен қоса халықаралық беделі де бұрын-соңды болмаған дәрежеде өсті. Осы Ата Заңымыз – Конституцияға биыл 25 жыл, осы жыл ішінде құқықтық мәдениеттің негізі қаланып, заңдылық пен тәртіп нығайып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Міне, осының нәтижесінде біздің еліміз бүгінде әлеуметтік қауымдастық әр түрлі пікірлер тоғысымен этносаралық, дінаралық және қоғамдастық келісім орныққан, тұрақты дамып келе жатқан болашағы айқын мемлекет ретінде танылып отыр.


Конституция елімізде болып жатқан өрелі өзгерістер мен жасампаз жаңғыртулардың талабынан туған мәні зор мәселе еді. Онда Елбасы мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесін айқындайтын маңызды конституциялық өзгерістерді ұсынды. Бұл Конституциялық өзгерістерді жасауда негізгі салмақ Парламент рөлін күшейтуге бағытталады. Сонымен қатар, саяси партиялардың рөлін жоғарылату, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға арналған конституциялық тыйымнан бас тарту, өлім жазасын іс-жүзінде тоқтату ұсынылды.
Біздің Конституцияның басты да негізгі ерекшелігі мен артықшылығы сол, оның арқасында жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің берік іргетасы қаланды.
Қазақстан тәуелсiздiгiнiң орай сөз сөйлеп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: "Біздің басты жетістiктерiмiз - 1995 жылы бүкіл халқымыз қабылдаған Конституцияның жемiсi", - деп атап көрсеткен болатын. Конституция мемлекеттік және қоғам өмiрiнiң құқықтық негiздерiн нығайтуда, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды алға бастыруда, қоғамдағы тұрақтылыққа қол жеткізуде үлкен роль атқарды.


Л.Құнанбаева, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз