Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

Жылдағы дәстүр бойынша Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы Конституция күні салтанатты түрде кең ауқымда аталып өтті. Биылғы жылдың ерекшелігі аталмыш мереке Көкпекті ауылында жаңадан ашылған «Ұлы дала елі» алаңының ашылу салтанатымен тұспа-тұс келді. 

Қ.Алтынбаев мәдениет үйінің ауласындағы «Ұлы дала елі» алаңында абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарды айғақтайтын Ата Заң күніне арналған салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев, барлық мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудан ардагерлері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Алдымен құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы:
– Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 24 жыл толып отыр. Өркениетке тән барлық демократиялық қағидалармен толық қамтылған Конституциямыз бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Еліміздің жеткен жетістігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды.
Сіздерді елдік пен ерліктің, адалдық пен татулықтың, ар мен намыстың кепілі болған Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді.
Сондай-ақ, салтанатты шарада құттықтау сөз алған Көкпекті ауылының ардагері Амантай Нұрғалиев:
- Барша көкпектіліктерді бүгінгі Ата Заң мерекесімен құттықтаймын. Еліміздің, жеріміздің көркейіп өсуіне еңбек етіп жүрген ел азаматтары аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы мен Қайрат Алғазыұлына алғысым шексіз. Олар ауданның, ауылдың көркеюіне көптеген еңбек етуде. Соның бір дәлелі бүгінгі "Ұлы дала елі" алаңының ашылуы.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!, - деді.
Құттықтау сөз кезегінен кейін «Ауылым - алтын бесігім» жобасы аясында ашылған «Ұлы дала елі» алаңының лента қию рәсімі басталды. Рәсімді Көкпекті ауылының тұрғыны тыл ардагері 99 жастағы қария Бағила Тыныбаева мен зейнеткер Менташ Ысқақов орындады. Лента қию рәсімінен соң әжелер шашу шашты. Мерекелік кеш Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хатымен Клара Смаилова, Самархан Жотабаев, Нұрлан Әубәкіров, Елена Сихварт, Гүлнар Шаймарданова, Ерік Зияданов, Әлия Мұқашева, Жанат Ибрагимов, Асқар Сүлейменов, Азамат Халықов марапаталды.
Марапаттау рәсімінен кейін кеш сахна төрінде жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. «Ата Заңым – айбыным» деп аталған кеште өлке өнерпаздары «Атамекен», «Мен қазақпын!», «Туған жер», «Қазақтай ел қайда?!», «Елім менің», «Қазақстаным менің» деп патриоттық, отансүйгіштік бағытта әндер шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекені тойлауға келген көпшілік жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген Ата Заңымыз еліміздегі сан алуан әлеуметтік, ұлттық ұжымдар мен топтардың бірлесіп өмір сүруін қамтамасыз ететінін зор мақтанышпен айтады.

Күлаш Жоламанова, Зейнеткер, Көкпекті ауылы:
– Конституция – еліміздің бірлігінің кепілі. Бұл мереке халық арасында кең ауқымда тойлануы тиіс. Әр ұлт, әр халық үшін Тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Бүгін, міне, еліміздің Тәуелсіздігінің 28 жылдығы аясында құқықтық, дербес демократиялық мемлекет құндылықтарын айғақтайтын Ата Заң – Конституция мерекесін тойлап жатырмыз. Мереке құтты болсын!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз