Құқықтық статистика органдарымен төрт түрлі мем-лекеттік қызмет көрсетіледі: соттылық туралы анықтама, әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы анықтама, мұрағаттық анықтама және прокуртура органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің 3 түрін www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (ары қарай - портал) арқылы алуға болады, яғни электронды-цифрлік қолтаңбаны қолдана отырып үйден шықпай онлайн қызмет көрсетуге тапсырыс беруіңізге болады. Барлық қызмет көрсетулер ақысыз, ресми құжаттарды апостилдеуден басқа, оған 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. «Соттылықтың бар/жоғы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсетуі толықтай автоматтандырылған.
Қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру портал арқылы және анықтаманы қағаз нысанында қажет болған жағдайда, альтернатива ретінде, Мемлекеттік корпорация арықы жүзеге асырылады. Бүгінгі күнде анықтаманы «үшінші тұлғамен» алу функциясы бар. Үшінші тұлға ролінде жеке тұлға да заңды тұлға да бола алады.
Осы қызмет мәліметтері сұратылған тұлғағаның «Жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы келісімімен тек электронды түрде портал арқылы үшінші тұлғаға көрсетіледі. Сонымен қатар, бүгінгі күні соттылық туралы анықтамалар Қылмыстық Кодексінің 79 бабы тәртібінде соттылықты жою есебімен беріледі. Яғни, азаматтар, оларға қатысты қылмыстық қудалау қысқартылған немесе соттылық жойылған не шешілген жағдайда «Соттылығы жоқ» жазбасы бар таза анықтамалар алады.
Қызмет көрсету уақытының ең аз мерзімі -10 минут, ал қосымша тексеруді қажет етсе – 3 жұмыс күні. Сонымен қатар аталған қызметті жылжымалы жүйенің абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігі бар (порталдың үялы түрі. Құрама қызметке өтініштерді электронды түрде беру мүмкіндігі бар (апостелген соттылығы туралы анықтама)Мемлекеттік бажды төлеу электронды үкіметтің төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады және нәтижесін қағаз нысанында алу үшін Мемлекекеттік корпорациясының мекен-жайын таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы мәліметті бер, тек «электронды-үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Қызмет 15 минут аралығында көрсетіледі.
Сонымен қатар мұрағаттық анықтаманы беру жұмысы да оңайтылды. Мұрағаттық анықтаманы алу үшін, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемелекеттік корпорациясы немесе веб-портал арқылы өтініш беру жеткілікті. Туыстарына ақпарат алу үшін, туыстығын растайтын құжаттың болуы және жеке басын анықтайтын құжаттар болуы тиіс.
Осы қызмет көрсетудің мерзімі 30-дан 10 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды. «Анықтау мен тергеу органдарынан, прокуратура органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету автоматтандырылмаған, Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз нысанында көрсетіледі. Қызме көрсету мерзімі 5 жұмыс күн.
Барлық мемлекеттік қызмет көрсетулердің қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық сатистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті болып табылады.
А.Ж.Айдарова, ШҚО Көкпекті ауданы бойынша ҚС және АЕАК басқармасының басшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.