Елбасының 100 нақты қадам ұлттық жоспарында сот жүйесінің алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында 21 қараша 2016 жылы бұрынғы Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының кезектен тыс VII съезінде Судьялардың әдеп кодексі қабылданған болатын.
Қабылданған кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың және қоғамның судьялардың және сот жүйесінің әділдігіне, адалдығы мен сатылмайтындығына сенім арттыру болып табылады.
Кодексте Қазақстан Республикасының барлық судьялары, сондай – ақ отставкадағы судьялары өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде және жұмыстан тыс уақытта орындауға тиіс келесі тәртіптік әдеп қағидалары көрсетілген.
Судья берілген антына берік болуға, оның әрекеттері судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, сот төрелігін іске асыруға, қоғамдық қызметпен тұрмысқа байланысты кез келген іс- әрекеттерді жүзеге асырған кезде әдепсіз жүріп – тұрудың көріністеріне жол бермей, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Судья Өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етулерге жол бермеуге тиіс. Судьяның соттан тыс жердегі жүріп – тұруы, оның процеске қатысушылармен өзара қарым-қатынасы соттың тәуелсіздігі туралы қоғамның сенімділігін сақтауға ықпал етуге тиіс. Судья заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді жалпылама, негізделмеген сыңға алудан тартынуға тиіс. Судьяның кәсіби қызметі саяси мақсатты көздейтін саяси партиядағы немесе қоғамдық бірлестіктегі мүшелігімен ұштаспайды. Ол осындай қоғамдық бірлестіктерді қолдап жария сөз сөйлеуге, олардың саяси өміріне қатысуға тиіс емес.
Судья өзінің діни нанымдары мен көзқарастарын насихаттауға, діни нышандарға деген өз көзқарасын жария түрде білдіруге тиіс емес. Судья сот қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіби көрсетілуіне ықпал етуге тиіс. Судья қоғамдық іс-шаралар мен басқа да көпшілік орындарынан, егер бұл оның беделіне зиян келтіретін болса, аулақ болуға тиіс. Судья өз беделі мен отбасы мүшелерінің беделі туралы ойлау керек және қызметтік жағдайын өзінің жеке мүдделеріне пайдаланбауы тиіс. Егер де судья Кодекстің ережелерін өрескел немесе бірнеше мәрте әдейі бұзса, оған Судья әдебі жөніндегі комиссия туралы ережеде көзделген қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
Н.Б.Жаныбекова
Көкпекті аудандық соты төрағасының м.а
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.