Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.Жемқорлық деген не? Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлық - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс - әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет. Сыбайлас жемқорлық түсінігі - өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин. Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінен шығады. Базалы сыйлық оның өтінішінің орындалуына көмек болады. Олар өз кірістерін жалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін пайдалануға тырысады. Біз өзгелер сыйлайтын ел боламыз десек сыбайластыққа қарсы бітпес күрес ашуымыз қажет. Осы орайда елбасымыз нақты тапсырма берген болатын. Өзінің туған елін, туған өлкесі ғасыр көшінен қалып қоймауын қаламайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісіне өзінің үлесін қосуы тиіс. Ол үшін әрқайсымызда осы мәселеде өз азаматтық ұстанымды айқындап, оны түбірімен жоюға атсалысуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтыры мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да жемқорлықты арамыздан аластату, оны қоғамымызға жат қылық ретінде ашып көрсету, оған қарсы күресу баршамыз болып жұмылатын маңызды іс. Оны тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп, қоғамға жат істі баршамыз болып бірлесе күреспей, одан бойымызды аулақ ұстасақ, ол бұрынғының үстіне өрши түсетіні белгілі. Осыған байланысты әрбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытында іс-шаралар жоспарлары белгіленді. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты-мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған заңнамаларға қарамастан еліміздің барлық саласында да сыбайлас жемқорлықтың қаупі бар. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы-адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді. Сонымен қатар. сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат екенің ерекше атап өткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды қыры. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әр мүшесі болып жемқорлықпен ашық күрес жүргізгеніміз дұрыс болар. Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің белсене атсалысатын ісі!
М.Маутқанова, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының жетекші маманы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.