Егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, бостан заманға қатысты тағы басқа игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады.
Н.Назарбаев 1993 жылы Қазақстан дамуының басты бағыт-бағдарларын анықтап берді. Ал 1997 жылы «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған. Онда: «Қазақстан индустриялық-иновациялық елге айналуы керек» деген. Яғни, Қазақстан өзге елдердің тек шикізат шығаратын аймағы ғана болып қалмай, әлемде теңдессіз мол жер байлығымызды өзіміз өндіріп, өңдеп шығаратын іргелі елге айналуымыз қажеттігі де айтылған. Ғасырға бергісіз жиырма бес жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті БҰҰ құрамындағы барлық мемлекет түгел мойындады, тәуелсіздігін таныды.Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты.Қазақтың шекарасы айқындалып, ол Қытайдың, Ресейдің, Өзбекстанның Жоғарғы заң шығарушы органдарында тиісті ратификациядан өтті, заңды күшіне енді.
Міне, сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы Елбасыныңатымен тікелей байланысты. Біздің елде Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсаннан көп бұрын жалпы халықтық масштабта, бүкіл мемлекеттік деңгейде кеңінен тойлануда. Сөзімізді түйіндеп айтар болсақ, 1 желтоқсан күні шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналды.
Г.Өмірзақова,
Көкпекті аудандық сотының бас маманы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.