Ағымдағы жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасының жетілдірген нұсқасын іске қосты.
Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады.
Кәсіпкер аталған кодты сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актісімен салыстыра алады.
Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алған соң, тексеру басталғанға дейін тексеру барысында қойылатын талаптармен таныса алады.
Тексеру аяқталған соң, кәсіпкер қосымша арқылы көрсетілген бұзушылықтар туралы тексеру қорытындысымен таныса алады. Ұялы қосымшаның алғашқы нұсқасы тек негізгі екі қызметті атқарады. Олар тағайындалған тексеру туралы хабарлау және тексерушінің іс-әрекетіне шағымдану мүмкіндігі.
Жалпы бұл қосымша 2017 жылдың наурызынан бастап қолданысқа енгізілген және аталған кезеңнен бері қолданушы ретінде 27 мың кәсіпкер тіркеледі. Ұялы қосымшаның жаңа үлгісі мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі Комитеті
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.