Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында Көкпекті ауданының МҚҚ ММ Күзет қызметкерлерімен «келушілер үшін арналған өткізу режимдері жөнінде жаңа Қағида» тақырыбында семинар-жиналыс өтті.
Аталған шараға, Көкпекті ауданының МҚҚ ММ Күзет қызметкерлері және сот қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы Н.Нұралинов, осы Қағидаларға енгізілген жаңа ұғымдардың біріне сәйкес, сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігі дегеніміз — күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат-хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары, фронт-офистер. Ғимараттың дәл осы бөлігіне сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер), ақпаратты машиналық тасымалдағыштарды (флеш-карталар, USB-дискілер т.с.с.), сондай-ақ деректер беруді қамтамасыз ететін және Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар басқа да техникалық құрылғыларды алып кіруіне болатынын айтты.


Сонымен қатар, сот приставы Р.Сүйеукенов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді сот аумағы мен ғимараттарына мобильдік құрылғыларымен, бейне, кино және фотоаппаратураларымен бірге кіру құқығына ие. Оларды БАҚ өкілдерінің пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья ҚР ҚПК-нің 345-бабына, ҚР АПК-нің 19-бабына және ҚР ӘҚБтК-нің 21-бабына сәйкес шешілетінін айтты.
Семинар соңында қатысушыларда нысанда қауіпсіздікті сақтау іс шаралары бойынша сұрақтар қою мүмкіншілігіне ие болды.

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз