Бүгінгі таңда сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын оңтайландырудың басым бағыттарының бірі ақпараттық технология-ларды қолдану арқылы сот ісін жүргізудің айқындығын барынша арттыру болып табылады.
Сот жүйесін оңтайландыру әрі қолжетімді ету – Қазақстан Республикасы Президентінің судьялардың VI сьезінде берген тапсырмаларының бірі. Осы мақсатта сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолданып, Қазақстан Республикасының сот жүйесінде жаңартылған интернет-ресурстар, сот процесіне қатысушыларға SMS-хабарландырулар жіберу және электрондық пошта арқылы хабарландыру, «Сот құжаттарымен танысу», «Тыңдалған істер тізімі», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру» сервистері сот органдарының Call-орталықтары іске қосылды.
Электронды сот төрелігі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, оның жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағыт-талған тың бастамаларды қолға алынуда. Оның нәтижесінде саладағы қызметтің барлығы да тұрғындардың сот жүйесіне деген сенім деңгейінің өсуіне негіз болып табылады.
Соттарда заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға, сот әділдігіне қол жетімділікті арттыруға көп мән берілетінін, жеке және заңды тұлғалардың қолайлылығы үшін Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсында 2014 жылдан бастап сот ісін жүргізудің барлық бағыттары бойынша электронды түрде 50-ден астам қызмет түрлері ұсынылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін іске қосылған. Аталған сервис арқылы тұтынушылар, оның өкілі немесе адвокат үйден, кеңседен шықпай-ақ өзіне ыңғайлы уақытта өтініш, шағым, арыздарды, электронды түрде жолдауға, мемлекеттік бажды төлеуге, сот құжаттарын қарауға, сот актілерін басып шығаруға, процесуалдық мерзімдерін бақылауға мүмкіндіктері бар.
Сот жүйесі биліктің бір тармағы ретінде электронды құжат айналымын енгізіп, электронды сот ісін жүргізуге көшуде. Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуде қолданыла бастаған дыбыс-бейнежазба құрылғысы сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Облыстың барлық соттарына орнатылған бейнеконференцбайланыс жүйесі аумақтық және аудандық соттар араларындағы дистанциялық оқытуға, семинарларды өткізуге, қашықтықтан қатынасу тәсілімен сот төрелігін жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді.
Бұйрық арқылы сот ісін жүргізуге арналған электрондық сервис те - сот жүйесіндегі тиімді құралдардың бірі. Ол арызды беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейінгі қараудың жаңа тәртібі сот ісін жүргізуді едәуір қысқартып, сот жүйесіне жүктемені төмендетуге септігін тигізді. Өткен жылдың 17 шілдесінен бастап Көкпекті ауданының № 2 аудандық соты 206 арызды электрондық тәсілмен қарады.
Елімізде 2017 жылдың 20 қыркүйегінен бас-тап «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы мен «Жазаны тағайындау» пилоттық талдау сервисі іске қосылды. Олар қылмыстық процестің ашықтығын жоғарылатып, қағаз құжат айналымына шығындарды төмендетті.
Оң жолға қойылған ізгі істер сот жүйесінде өз үйлесімін табуда.
Л.Құнанбаева,
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.