Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы №399 Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының судья лауазымына тағайындалдым, міндеттеріме 2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап кірістім.
Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Кеңесінің 2017 жылдың 06 сәуірдегі шешімімен маған ментор ретінде 12 жылдық судьялық тәжірибесі бар судья Н.А.Нуралинов белгіленген.
Қызметімді атқарған осы төрт ай уақыт мерзімде он бес жылдық адвокаттық, нотариаттық тәжірибеме қарамастан, заң талаптарын біліп тұрғанымен, кейбір қысылшаң жағдайларда кәсіби кеңес пен көмек қажет. Бұндай жағдай, мысалы, адамның тағдырына әсер ететін шешім қабылдауда, жаза тағайындауда, этикалық көзқарас тұрғыдан баға беру, сот залында іске қатысушылармен қарым-қатынас, адвокаттардың қиқарлық мінезі, судьядан сот залында, соттан тыс жерде күтілетін жүріс-тұрыс бет алысы сияқты басқа да кездерде туындайды. Осы тұрғыда жас судьялардың ортасында менторлықтың қажеттілігі өте зор.


Қазақстан Республикасының сот жүйесінде менторлықтың жетілуіне Европалық Одақтың жәрдемдесуі де әсерін тигізген. Сот менторлығы - бұл бірінші рет судья лауазымына тағайындалған судьяның жаңа профессияға, сот мәдениетіне, сот этикасына, судьяның әлеуметтік мәртебесінің ұғынуына және құқықтық пайымдау өнеріндегі тәжірибесін жетілдіруге бағытталған қоғамдық қызмет. Ментор ретінде тек тәжірибесі мол, юриспруденция саласында жоғары дәрежеде кәсіби біліктілікке ие, моральдық және әдептілік ұстанымдары жоғары судьялар тағайындалады.
Сот жүйесі әрине заңнамаларды жетік білетін және оларды қолдана алатын кәсіби судьялардан құрылуы керек. Сотқа бағдарлы бағдарламалар, семинарлар, курс-тар, тәлімгерлік бағдарламалар судьяларға материалдық пен іс жүргізу құқық салаларындағы нақты нормаларын тануға, сот актілерін құруға, істерді қарауға көмектеседі.
Судьялардың кәсіби біліктілігі сот жүйесінің дамуының бірден бір шарты болғанмен, бұның өзі жеткіліксіз. Сот жүйесіне моральдық және этикалық ұстанымдары жоғары судьялар қажет. Күнделікті судья жеке мүдделі, моральдық, қаржылық, саясаттық және әлеуметтік мәселелермен түйісіп отырады, осыған қарамастан әділ және сенімді шешім қабылдауға тиіс. Рухани құндылық, мінез-құлық пен сыртқы қысымға төтеп беру қабілетіне үйрену өте қиын. Жас судьялардың тәуелсіз және этикалық мінез-құлқын жетілдіруде тәжірибелі судьялардың көмегі мен қолдауы елеулі әсерін тигізеді.
Бірініші рет тағайындалған судьялардың сот дағдыларына ие болып, кәсіби қызметінде жоғары моральдық-әдеп стандарттарына жетуі сот менторлығының мақсаты болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде ментор мен протеже жұбының арасында сенімді қарым-қатынастың қалыптасуы өте маңызды. Ментор бірінші рет тағайындалған судьяның жаңа ортада бейімделуіне, қажетті дағдылар мен қасиеттерге ие болуына көмектеседі, судьялық қызметте психологиялық қолдау көрсетіп, нақты істер бойынша кеңес беріп, маңызды жайттарға назарын аудартып, ойын түйіндеуге үйретеді, жоғары үлгідегі мінез-құлқын қалыптастыруда көмек береді.
Ментор мен протеженың қарым-қатынасы өзара сенім, құпиялық пен еркінділікке негізделген. Менторлықтың тәлімгерліктен айырмашылығы осында. Менторлық – бұл тәжірибелі судья мен жас судьяның арасындағы жүйелі, ұзақ уақытқа байланған ерекше қарым-қатынас. Менторлық бағдарламаның жүзеге асуы еліміздің тәуелсіз сот жүйесін құруда өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.

А.Әмреева,
Көкпекті ауданының № 2
аудандық сотының судьясы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз