Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өздеріңізге белгілі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселесі бүгінгі күні мемлекетіміз үшін де, республикамыздың әрбір азаматы үшін де маңызды мәселе. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп Елбасымыз айтқандай, ұлттық құндылықтарымызбен қазақи тәлім –тәрбиенің кілті-ана тілде сөйлеу, оны құрметтеу ең бірінші әрбір саналы қазақ азаматының міндеті.
Бүгінгі таңда тіл үйренемін деген маманға барлық жағдай жасалған. Тілді үйрету курстары, әр түрлі бағдарламалар, оқу құралдары, сөздіктер мен дискілер жетерлік.


Мемлекеттік тілде құжат дайындауды талап еткен дұрыс деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметкер –мемлекеттік тілді білуі парыз екенін түсінуі керек деп есептеймін. Қазір бізде мемлекеттік қызметке кіруге үміткер мемлекеттік тілді білуі деңгейін анықтайтын тест тапсырады. Осы тест нәтижесі жартылай болсада есепке алынып, үміткердің мемлекеттік тілді білуіне назар аударғандары жөн болар еді.
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында бүгінгі таңда жеке және заңды тұлғалардың өзге тілдегі жауап хаттарына дейін мемлекеттік тілде жауап беріледі. Әрине қосымша ретінде орыс тілінде жауап жазылады. Шығыс және ішкі құжат айналымы 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мәселен,2017 жылы сотқа 2793 кіріс құжаты түскен, оның ішінде қазақ тілінде түскендерінің саны-1940, яғни ол дегеніміз барлық түскен істер санынан 69,5 % құрайды. Ал ішкі құжат саны-234, шығыс хат -хабаралар саны- 2566, бұлар 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізілген. Сотта да мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,дәріптеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар баршылық. Жылда әр түрле байқаулар, семинар сабақтары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып тұрады.
Тілімізді дамытуға салғырт қарайтын болсақ, дүние жүзінде тоғызыншы орын алатын жер көлемін бізге аманат етіп қалдырған ата-баба рухы бізді кешірмес. Қазақ тілінің қазіргі қолданыс жағдайы біздің барлығымыздың көңілімізді ерекше алаңдататыны ешкімге құпия емес.

Көкпекті ауданының № 2
аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз