Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.
Көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш; онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органға тиісті өтініш береді, бұл ретте оған грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау туралы өтініш жасауы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.
Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты: әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген; айыптау үкімі заңды күшіне енген немесе ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда 1424 нөмірлі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Колл-орталығына, сонымен қатар Департаменттің Жарма аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық бөліміне хабарласуыңызға болады, байланыс телефондары 8 (72-347)65-304, 65-305.
Ш.М. Мырзахметов,
Жарма аймағы
бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ауданаралық бөлімінің басшысы.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.