Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жалпы, қоғам дамыған сайын біздің сөз қорларымызға термин сөздер көптеп ене бастады. Соның бірі - медиация термині. Бұл термин латынның «mediare» делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі.
Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз. Ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.


Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты қолданылады. Сондай-ақ, ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөніндегі туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ, заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу саласын арттыруға болады. Халықаралық статистикаға сәйкес барлық даулардың 30-40 пайызы медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Біздің мемлекетімізде «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Аталған заң Қазақстан Республикасы медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін және медиатордың мәртебесін айқындайды.
Медиацияны жүргізу қағидаттары: еріктілік; құпиялылық; өзара сыйласушылық; тараптардың тең құқылығы; медиатордың бейтараптылығы мен әділдігі; рәсімнің ашықтығы.
«Медиация туралы» заңның 1-бабында оның қолданылу аясы белгіленген. Егер Қазақстан Республикасы заңдарында басқаша белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дау-шарлар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиация, яғни, ара-ағайындық негізінен тұрғын үй, еңбек, отбасылық және көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуде қолданылады. Ал, қылмыстық істер, егер олар аса ауыр болмаса, сотта қаралуға жатпаса, оларды да медиаторлардың қарауына беруге болады.
Осылардың бәрі бола тұрып медиация рәсімі қолданылмайтын жағдайларға келсек, олар төмендегідей: Біріншіден, дауда дауласушыға жатпайтын үшінші тұлғалардың мүддесі қозғалса, сондай-ақ, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделі қатысы болса; екіншіден, тараптардың бірі мемлекеттік орган болса. Сыбайлас жемқорлық қылмыс пен мемлекеттік қызмет туралы заңдар бұзылған жағдайда медиация рәсімі қолданылмайды.


Г.Өмірзақова, Көкпекті аудандық
сотының бас маманы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз