Көкпекті аудандық прокурату-расының ұйымдастыруымен ағым-дағы айдың 6-9 аралығында «Прокуратура халық үшін - ашық есіктер күні» акциясы өткізілді.
Аталмыш акция аясында Көкпекті аудандық прокурорының м.а. Б.Қарымсақов пен кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Ә.Мұқашева ауылдық округтерді аралап, тұрғын халықпен кездесті. Шараның мақсаты, түйткілді мәселелер мен шешілуді қажет ететін сұрақтарға жауап іздеу болып табылды.
Тұрғындар қабылдауға белсене қатысты. Оған көпшіліктің өздігінен аудандық прокуратураға келіп, кездесуге материалдық жағдайының жетіспеушілігі де себеп болды.
Азаматтар жер қатынастары мәсе-лелері, сот шешімі мен оның орындалуы жөнінде, жеке және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерімен келіспеушілік тұрғысында және басқа да түрлі тақырыптарды қозғады. Бақытбек Батанұлы тұрғындардың мәселелерін тыңдап, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер берді. Қаралған мәселелердің 15 сол жерде шешімін тапты. Аудандық прокуратура мен өкілетті орындардың қарауына жататын 30 мәселе тіркелді.
Аталмыш шара ауыл халқының арасында оң көзқарас қалыптастырды. Себебі, халықтың қалауы бей-жай қалмады, мәселелердің барлығы қаралып, жедел түрде шешімін тапты. Осыған орай, тұрғындарды қабылдау алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілуі жөнінде шешім қабылданды.
Жансая СМАҒҰЛОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.