Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі күні есірткі – бүкіл әлемде ең елеулі мәселелердің бірі болып табылады. Есірткіні жүйелі қолдану психикалық және тәннің нашақорлыққа тәуелділігінің дамуына әкеп соқтырады.
Нашақорлық – бұл адамның есірткіге деген ырық бермес құмарлық сездіретін, ағзаның созылмалы улану күйі. Өтірік, сатқындық, қылмыс, отбасының ыдырауы, қатерлі аурулар нашақорлықтың жерсерігі болып табылады. Нашақорлар ЖИТС, гепатит сияқты ауыр инфекциялық аурулармен ауырады және басқа адамдарға жұқтырады. Есірткіге мас күйдегі адам жан және тән ауруын сезінуі қойып, жеңілдік, жайлылықты сезіну пайда болады. Жеңілділікті сезіну өзіне деген бақылауды жоғалтып және шынайылықты сезінуден қалады.


Жыл сайын есепке қойылған нашақорлардың саны артуда. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының наркологиялық диспансерінің есебінде 3030-дан аса адам тұрады, олардың ішінде 239 әйел және 25 кәмілеттік жасқа толмағандар, наркологиялық диспансерідің есебінде тұрған тұлғалардың санынан есірткелік заттарды қолданғанның нәтижесінде психикалық және мінез-құлығының бұзылуымен ауыратындар саны 2550 тұлғаны құрайды.
Статистика белсенді нашақордың өмірінің орташа ұзақтығы 3 жылды көрсетеді, ағымдағы тоқсанда есірткі және психотроптық заттарды пайдалану нәтижесінде 4 адам қаза тапты.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының деректеріне сәйкес, 2017 жылдың бірінші тоқсанында есірткі және психотроптық заттарды заңсыз айналымға салумен байланысты 245 сотқа дейінгі тергеу тіркелген, қылмыстық жауапкершілікке 130 тұлға тартылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы жылдың тек бірінші тоқсанында заңсыз айналымнан 48 килограммнан аса есірткі және психотроптық заттар алынды.
Есірткі – бұл ойдан шығарылмаған мәселе, бұл біздің әр-қайсымыз үшін толық шынайы қатер. Өзің нашақор болып кетпеуі, және үйіне есірткенің кіруін болдырмауы үшін, адам тұрақты түрде дамып, өзінің сезіну деңгейін көтеруі қажет. Әуесқой және бақытты адамдардың есірткіге қарсы тұруы басқалардан қарағанда жоғары деп саналады.
М.Оракбаева, ШҚО Көкпекті ауданы бойынша ҚС және АЕАК басқармасының статист бас маманы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз