Өткен аптада Көкпекті аудандық проку-ратурасының ұйымдастыруымен кеңейтілген жиыны өткізіліп, онда уәкілетті органдармен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру барысында заң талаптарының сақталуы және алдағы уақытта олардың толық өндірілуіне бағытталған бірлескен іс-шаралар белгілеу жайы талқыланды.
Жиынды аудан прокуроры міндетін атқарушы Бахытбек Қарымсақов ашып, күн тәртібінде қаралып отырған мәселенің маңызы зор екенін атап өтті.
- Әкімшілік құқық бұзушылық жасап, жауап-кершілікке тартылған әрбір тұлғадан салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру уәкілетті органдардың негізгі міндеті болып саналады. Айыппұлдарды өз еріктерімен төлеуді халыққа кеңінен түсіндіруіміз қажет. Біздің мақсатымыз- тұрғындардан айыппұл түсірумен қатар, оларға қоғамдық тәртіпке бағынып, ұсақ бұзақылықтан арылуға жол сілтеуіміз қажет. Ал егер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, жазадан қашып құтылмайтынын тұрғындар жақсы білуі тиіс. Бұл орайда аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы ақпараттық насихат шаралары тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Жергілікті БАҚ өкілдерінің де назарында болғаны жөн. Әрине, әкімшілік айыппұлдардың өтелуі жыл бойы тоқтаусыз жүргізілетін жұмыс. Бір айыппұл төленсе. екіншісі тіркеліп жатады. Сондықтан сот орындаушысының жұмысы да оңай емес. Қорыта айтқанда, баршамыз жұмылып, әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алуға, этикалық-эстетикалық талаптар төңірегінде елдің сана-сезімін қалыптастыруға жұмыс жасауымыз қажет, - деді Бахытбек Батанұлы
Жиын барысында аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық соттың сот орындаушысы жоғарыда аталған мәселеге орай қалыптасып отырған жағдайды баяндады. Сондай-ақ, жиынға Көкпекті аудандық сотының және № 1 соттың судьялары Н.Нұралинов және Н.Жаныбекова өз тараптарынан пікірлерін білдірді.
Күн тәртібіндегі ең негізгі мәселе әкімшілік айыппұлдардың дер кезінде орындалмауы болғандықтан, жеке сот орындаушы Айдын Ибрайымовтың жұмысының әлсіздігі жайлы қадап айтты.
Өзара талқылау барысында айыппұлдарды мемлекеттік бюджетке өндіруге бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жиынды аудан прокуроры қорытындылады.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.