«Соттасудан аулақ болыңыздар. Қар-сыласыңызға мәмілеге келуді ұсыныңыз оған соттағы жеңіс қаржылай шығын мен уақытты жоғалту екендігін ескертіңіз» деп Аврам Линкольн айтпақшы, шынымен медиация шарты уақытты үнемдейтіні белгілі.
Медиация - үшінші бейтарап тұлға медиатордың көмегімен іске асырылатын соттан тыс дау-жанжалды шешу рәсімі. Медиация деген ұғымның өзі біздің ата-бабаларымыздың бағзы кезден бері ел ішінде дау-дамайды шешуде қолданып келе жатқан «мәміле», «мәмілелестіру» деген ежелден елге таныс сөздердің латынша баламасы.Даудың толық шешілуі дауласушылардың өздерінің еркіне толық байланысты. «Медиация туралы» заң Қазақстан Республикасында 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданып, 2015 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Қазіргі таңда сотта қаралып жатқан істер өте көп және сан-салалы екені барлығымызға белгілі. Бұл қаралатын істердің сапалығына және сот актілерінің заңдылығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, елімізде «Медиация туралы» заңының дер кезінде қа-былданып, сол заңының қолданысқа енгені сот жүйесіне түскен салмақты жеңілдетіп жатыр.
Медиацияның артықшылығы уақыт пен ақшаны үнемдеу, дауды қарау уақытын қысқарту, екі тарапқа да тиімді шешім. Медиация процесінде жеңімпаз және жеңілген деген болмайды. Шешімді бірге әзірлеген және келісімге өз бетімен қол жеткізген тұлғалар өз мүдделерін негізге ала отырып, олар үшін үшінші тарап қабылдаған шешіммен салыстырғанда қол жеткізген келісімді орындау қолайлы.
Қ.Қуатов,
Көкпекті ауданы № 2 аудандық
сотының жетекші маманы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.