Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен 2017 жылдың 26 қаңтарында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді eнгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру туралы» ереже бекітіліп, барлық аудандық және оған теңестірілген соттарға жұмыста пайдалану үшін жолданған болатын.


Пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот iciн жүргізуге енгізу болып табылады.
Атап айтқанда, бұл келесі санаттағы істер: баланың мүдделеріне орай;
Қазақстан Республикасы Еңбек кoдeкciнiң 159-бабының 1-тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары; мұрагерлік; көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы туралы; пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша; некені бұзу және мүлкін бөлу туралы; қарыз келісімшарттары бойынша сақтандыру.
Аталған санаттағы істер бойынша талап арыздар сот өндірісіне қабылданғаннан кейін, судья тараптарға хабарлама жібереді. Соның ішінде мыналар көрсетіледі: тараптардың icтi дауды (жанжалды) медиация тәрібімен реттеу туралы келісімімен аяқтау құқығы; дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешудің басылымдықтары туралы;
-пилоттық жобаға қатысу бойынша өз ұстанымдарын жазбаша түрде білдіру қажеттілігі және медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жасалған жазбаша келісімін 5 (бес) күннің ішінде сотқа ұсыну туралы.
- пилоттық жобаға катысудан бас тартқан жағдайда тараптардың бұл туралы жазбаша өтінішін сотқа жіберу және icтi сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда баяндалған іс-әрекеттерді орындауға кipicy қажеттілігі туралы;
- кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тізімдері туралы;
- медиация кабинеттері туралы ақпарат беріледі.
Егер тараптар медиация жүргізу кезінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен бітіруге келіссе, тиісті келісім жасалып, сотқа жолданады. Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шағарып, онда талапкерге төленген мемлекеттік баж қайтарылатыны туралы көрсетеді. Ал егер де тараптар медиация жүргізген кезде келісімге қол жеткізбесе, іс бойынша іс жүргізу қайта басталып, істі сот талқылауына дайындау жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Бұл арада, Қазақстандағы татуластыру рәсімдерінің өміршеңдігі кәсіби медиаторлар, судьялар мен адвокаттарға ғана байланыс-ты емес, ең алдымен, өз уақытын, қаржысын үнемдеп, қарым-қатынасты сақтай отырып, дауды балама түрмен шешуге ұмтылатын азаматтардың құқықтық санасына байланысты екенін ұмытпау керек.

Ә.Бақытбекұлы, Көкпекті аудандық
сотының төрағасы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз