Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында, жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің тілшісінің қатысуымен әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қолдану туралы брифинг өткізілді.
Өз сөзінде судья Н.Нұралинов Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 50-бабына сәйкес жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2-топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайтыны атап өтті.


Қазіргі күні сотта 198 әкімшілік іс 199 тұлғаға қатысты аяқталды. Оның ішінде әкімшілік құқықбұзушыларды қамаққа алу жазасы 69 тұлғаға қолданылды. Бүгінгі күні қамаққа алу туралы сот қаулысының 90 пайызы орындалған. Қалғаны қаулының заңды күшіне енбеуіне байланысты орындау үстінде.
Мысалы, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлімімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) жауапкершілікке тартылған азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес азамат 1970 жылы туған, өз үйінде бола тұра алкогольдік масаң күйінде өзінің жұбайын былапыт сөздермен балағаттаған. Өз әрекеттерімен Б. жұбайына сыйламаушылық көрсетiп, оның тыныштығын бұзған. Жәбірленуші С. құқықбұзушы Б-мен тату-ласпаған және осы әрекеттерін оның жүйелі түрде жасайтынына байланысты істі қысқартуға ниеті жоқ. Сот қаулысымен азамат Б. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған әкімшілік жаза ретінде 3 тәулікке қамауға алу қолданылды. Қаулы заңды күшіне енген.
Шара соңында тілшілер сот жұмысына қатысты туындаған сауалдарына толықтай жуаптар алды.


Көкпекті ауданының № 2
аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз