Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың шілде айында жол-көлік оқиғалары нәти-жесінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында сақ-тандыру компаниясының филиалына судьялардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталған электрондық түрдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсынуды қарастыратын пилоттық жобасы іске қосылған. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, республиканың барлық әкімшілік соттарында жоба іске қосылды.


Сақтандыру компанияларына және республика бойынша олар-дың барлық филиалдарына республика бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды электрондық түрде алу мүмкіндігін іске асыруға «Сот кабинеті» сервисіне қол жеткізу үшін құпия сөздерімен есептік жазбаларды берілді. Бұл азаматтардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылардың заңды күшіне енуі туралы белгісін қойдырып, оны сақтандыру компаниясына беру үшін сотқа қайта жүгіну қажеттілігін қысқартуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында жетекші маман Р.Келиспаева «Сақтандыру компаниялары үшін Сот кабинеті» тақырыбында «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясының өкілі Н.Ходанованың, сот жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Онда өзекті мәселелерді, оның ішінде сот актілері мен заңды күшіне енгені туралы белгілері бар екендігі егжей-тегжейлі талқыланды. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.


Көкпекті ауданының № 2 аудандық
сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз