Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет.

 

№2 аудандық сот ғимаратының мәжіліс залында «Гендерлік саясат, тұрмыстық зорлық-зомбылық» атты тақырыпты насихаттау негізінде сот жүйесі мамандарымен семинар сабағы өткізілді. Бұл семинарға сот төрағасы Ә.Исмағұлов төрағалық етіп, бүгінгі күні еліміздегі гендерлік саясаттың қағидаттары жайында тереңнен сөз қозғады.

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.

 -Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуда үлкен жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен 2011 жылдың 5 наурызында Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті. Съезде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ер мен елге қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білгендігін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы әйелдердің өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндіктеріне назар аударды. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы,  дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздік жылдарында ондаған әйелдер министр және мемлекеттік органдардың басшылары болып тағайындалды. Жүздеген әйелдер Парламент пен мәслихат депутаттары болып сайланды.

Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған. 2010 жылы ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған. Гендерлік теңдік стратегиясы 2006 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді, 9 бөлімнен тұрады,- деп бастады сөзін Әйкен Ермұқанұлы.

Әрі қарай ол әр бөлімге жеке-жеке тоқалып, жиналғандарға оны талқылауға ұсынды.  Бірінші бөлімде ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету – уақыт талабы айтылған. Оның мақсаты, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан қосылған халықаралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуы. Ал екінші бөлімнің де маңызы зор, онда қоғамдық – саяси өмірде гендерлік теңдікке қол жеткізу көзделгені, оның мақсаты  атқарушы және өкілдік билік органдарында, шешімдер қабылдау деңгейіндегі басқару процесстерінде ерлер мен әйелдердің тең (паритетті) өкілдік етуіне қол жеткізу болып табылады. Үшінші бөлімде   экономика саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру айтылады.Төртінші бөлім гендерлік білім беруге арналған. Құқықтық және гендерлік оқу – ағарту. Мақсаты білім беру жүйесіне гендерлік білім-білікті енгізу. Қоғамды ерлер мен әйелдер арасындағы құқықтық және гендерлік теңдіктің, әділетті әлеуметтік қарым-қатынастың қажеттігін түсінетіндей етіп оқыту бойынша ағарту. Бесінші бөлімде ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу, денсаулығын бекемдеуді айтады. Мақсаты халықтың қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру үшін ерлердің, әйелдер мен жасөспірімдердің ұрпақ әкелетін денсаулығын сақтау және нығайту.

Алтыншы бөлім. Қоғамдағы жынысқа байланысты зорлық – зомбылықтың алдын алу. Мақсаты адамдардың зорлық-зомбылықсыз лайықты өмір сүруі үшін жағдайлар жасау. Адамдар арасындағы қарым-қатынас нысаны ретіндегі зорлық-зомбылыққа жол бермеу. Зорлық-зомбылықтың барлық көріністерін барлық әлеуметтік салаларда, соның ішінде отбасында түбірінен жою.

Жетінші бөлім. Отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу. Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту. Мақсаты отбасы және отбасы-неке қарым-қатынастары институтын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ететін және азаматтық қоғамның тұрақтылығы мен орнықты дамуының факторы болып табылатын отбасы қарым-қатынастарында гендерлік теңдікке қол жеткізу. Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

 

Гендерлік теңдік қағидаларына бағдар алған эгалитарлық отбасының жаңа үлгілерін қалыптастыру. Ерлерді үй жұмысы саласына және балаларды тәрбиелеу процесіне тарту.

Сегізінші бөлім. Гендерлік сезімтал қоғамдық сананы жетілдіру. Мақсаты қоғамдық санада қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ерлер мен әйелдердің әлеуметтік теңдігінің қажеттігін қалыптастыру.

Қоғамдық сананы түбірімен өзгерту, бір жыныстың екінші жыныстан артықшылығы мен басымдығы туралы пікірмен байланысты гендерлік таптаурындарды түбірімен жою. Ерлер мен әйелдердің өмір тәжірибелерінің ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтар мен мүмкіндіктердің гендерлік теңдігі қағидатына негізделген гендерлік өзіндік сана мен мінез-құлық түрлерінің жаңа үлгілерін қалыптастыру.

Тоғызыншы бөлім. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер. 1.Мемлекеттің жалпы саясаты мыңжылдықтың даму, соның ішінде елдегі гендерлік теңдікке қол жеткізу мақсаттарын орындауға бағдарланатын болады.

2. Қоғамдық сананың гендерлік парадигмасының ауысуы – бір жыныстың басым болуынан – екі жыныстың серіктестігі мен ынтымақтастығына ауысу жағына бірте-бірте өзгеруі орын алады. Мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен барлық деңгейдегі басшылар, шешімдер қабылдау деңгейінде тұрғандардың барлығы «гендерлік жағынан сезімтал» болады.

3. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық процесстеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Олар тең дәрежеде қоғамдық салаларға, ал еркектер – отбасы, үй еңбегі және бала тәрбиесі сияқты қарапайым салаларға кіретін болады.

4. Осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне және «паритеттік демократияның» қалыптасуына ықпал ететін болады-, деп  сөзін аяқтады сот төрағасы Ә.Исмағұлов. Сот мамандарына отбасындағы теңдік сақталмай, зорлық-зомбылық көрсету, содан кейін сотқа шағымдану жағдайлары әлі де орын алып отыр. Сондықтан да біз қоғам болып бұл мәселені осы қағидаттарға сүйене отырып жүзеге асыруымыз қажет.

Жалпы әйелдер істері жөніндегі ұйымдар қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Олар, әсіресе біздің аудандағы ауылдық округтер жанындағы әйелдер кеңестеріне тікелей қатысты.  Гендерлік саясат ашық түрде насихатталып, тұрмыстық зорлық - зомбылық орын алған отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, сотқа дейін жеткізбей шешу, гендерлік саясаттың жүзеге асуына баршамыздың ықпал етуіміз керек.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз