Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Респуликасында қалыптасқан демо-кратиялық институттар жемқорлық фактілермен, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін мәселелермен сыйыспатыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес. Қоғам мүлкіне, мемлекет байлығына көзқарас өзгеріп, адам психологиясының бұзылып, жеке меншіктің бөлінуі, «өзгені қойып, өзімде болсын» деген тоғашырлыққа бой алдырудың соңы қылмыс жасауға апарып соқтыруда. Әсіресе, осындай көңіл күйдің жетегіне лауазым иелерінің ілігуі кешірілмейтін қылық болып есептеледі.


Қоғамдық қауіп – сыбайлас жемқорлық қылмыстың ажырамас белгісі, оның материалды нышаны, ол әлеуметтік маңызын ашады. Жем-қорлық қашан да болмасын қоғамда орын тауып отырған. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын-алу, түбірімен жою мақсатында жыл сайын халыққа қажетті құжаттарды алу жолдары жеңілдетіліп, түрлі лицензиялар мен рұқсатнамалар саны қысқартылып келеді. Мемлекеттік қызметшілердің ешкімге материалдық жағынан тәуелді болмай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерге бармай, мемлекеттік міндеттерді адал атқаруы үшін олардың жалақысын бизнестегі жалақы деңгейіне жеткізу мақсаты кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жегідей жейтін, оның барлық әлеуметтік-эконо-микалық жетістіктерін жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін құбылыс екен-дігі күмәнсіз. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл құбылыс кешеуілдеуді кешірмейді, көлгірсіген сайын кеңістігін кеңейте беретінін естен шығармағанымыз дұрыс.
Жемқорлықпен күресте тиісді тәсілдің бірі – жариялылық, ашықтық. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың ғана емес, мемлекеттік органдардың, Үкіметтің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы.


И.Құсманқызы,
Көкпекті аудандық
сотының бас маманы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз