30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда Конституцияны қабылдау күні мемлекеттік мерекесі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде жарияланды.
Біздің құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция аса жоғарғы мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын Президенттік басқару ныса-нындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұған мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады. Конс-титуцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адам-гершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік, тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасының болашағы жарқын, келешегі кемел болатынына сеніміміз мол. Ата заңымыздың қашанда тұғыры биік, болашағы жарқын болсын.
Шынар Қалдыбаева, кеңсе меңгерушісі,
Көкпекті аудандық соты
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.