Мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін білу біздің еліміздегі әрбір азаматтың міндеті. Ол тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің, құндылықтарының бірі. Ана тілімізді білмей, ұлттық мәдениетімізді сыйламай, қалай ғана осы елдің азаматымыз деп бас көтере аламыз? "Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте" -, деп Қадыр Мырзалиев атамыз айтқандай, ең бірінші өз тілімізді танып, құрметтеп алмай, қалай ұлт мақтанышы бола аламыз?
Бүгінгі таңда қазақ тілін меңгеру басты талап болып табылады. Ал, осы мемлекеттік тіл мәселесіне келер болсақ, ол - қазақ тілінің мәртебесінің өз деңгейінде болмауы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында айтқандай, үш тілді, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірдей дәрежеде меңгеру керек. Әрине, қарқынды даму үстіндегі Қазақстан үшін бұл дұрыс шешім. Көп тілді білу бізге артық болмайды, керісінше басқа елдер қатарында біздер үшін зор үлесін қосар. Бірақ, ана тілімізді де ұмытпауымыз қажет. Әрине, көп ұлтты мемлекет болғандықтан мұндағы тіл туралы мәселе аса қиын болып келеді. Меніңше, оны болдырмау үшін әр қазақстандық бар күш-жігерін салуы керек. Қазақ халқы өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса болашақта өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтататын жағдайға жетуі де мүмкін. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, әлем тарихында қалар мақсатымыз болса, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ана тілін әрі қарай дамытуға атсалысу қажет.
Ал бүгінгі күні Көкпекті аудандық сотындағы іс жүргізу құжаттары 100 % мемлекекттік тілде жүргізілуде. Алайда, кейбір сотқа келушілер қазақ тілін біле тұра, өтініштерін, талап арыздарын орыс тілінде сотқа түсіреді. Сондықтан қазақ тілінің қолданыстағы деңгейі жоғары болу үшін өз тілімізді құрметтеп, мәртебесіні көкке көтерейік.
Г.Өмірзақова,
Көкпекті аудандық сот кеңсесі,
бас маман-сот мәжілісінің хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.