Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қысы қатал біздің өлкеміздегі су бөгеттері аяз жай түскендіктен мұзы қата қоймады. Сондықтан да Бұқтырма су қоймасының Казнаковка өткелінде паром да жай тоқтады. Соңғы паром Күршім жағалауына алдыңғы аптаның жұмасына жетіп тоқтады.
Күнделікті қым-қуыт шаруасы бар адамдар сапар шекпей тұра алмайды. Паром тоқтағанмен олар әлі де беки қоймаған мұз үстімен толассыз ағылып жатыр. Алайда, ресми түрде мұз үстімен жүруге тыйым салынған. Мұз үстіндегі қар да жұқа.
«Мұздың қалыңдығы небары 17 сантиметрден аспайды» - дейді Көкпекті аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман Қ.Әңкебаев. Ал көлік жүргізушілері болса өздерінің және жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп, мұз үстімен жүріп жатыр. Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің жол патрульдік полициясының қызметкерлері бергі жағалауда кезекшілік атқарып,

автокөліктерді жібермеуге тырысқанымен, көрші ауданнан бақылау болмағандықтан автокөліктер қатерге бастарын тігіп ағылуда. Облыс әкімінің және төтенше жағдайлар департаменті мен Ішкі істер департаментінің мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жарлығын жүзеге асыру барысын тексеру мақсатында Көкпекті аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қ.Әңкебаев, жол-патрульдік полициясы басшысы Қ.Алғазинов, аға автоинспектор А.Зарықпаев, автоинспектор С.Баянов жағалауда рейд өткізді.
Рейд барысында мұз үстімен өтпекші болған автокөліктер тоқтатылды, оларға ескерту жасалды. Бұл көліктер бергі жағалауға келіп қойғандықтан қайта қайтарылмады. Жүргізушілердің айтуынша, арғы жағалауда ешқандай патрульдік бақылау да, мұз үстімен жүруге тыйым салынғаны туралы ескертпе жазу да жоқ.
Бірнеше күн кезекшілікте тұрған біздің ауданның жол сақшылары автокөліктердің тек қана бұл жерден емес, Көкжыра ауылының тұсынан және басқа жерлерден де өтіп жатқанын айтты. «Адамдар өздерінің өмірлеріне қауіп төндіреді. Мына арада бақылау барын көріп, кері бұрылып басқа жақтан өтіп кетуге тырысады. Ал ол жерде мұз жарылып кетіп, су астына кету қаупі төнсе, кім жауапты. Сондықтан да мұз әбден бекіп, ресми түрде ашылғанша шыдау керек», - дейді жол полицейлері.
Рейд барысында Күршім ауданының басшысы да осы мұз үстімен өтпек болып, ол өз ауданындағы тәртіп сақшыларының су қоймасы жағалауына бақылауды күшейтетіне уәде берді. Автоинспекторлардың жұмысына сәттілік тілеп аттанды.
Ұшы – қиыры көрінбейтін аппақ айдын. Мұздың қай жерде қалың, қай жерде жұқа екені белгісіз. «Әзірге жеңіл автокөліктерді өткізуге бір-екі күнде рұқсат беріледі, ал жүк көліктерін мұз көтермейді. ЖҚБ жеңіл трактормен мұз үстін аршып жол салады, содан кейін ескертпе қалқанша орнатылып, жүруге рұқсат беріледі», - дейді Қуаныш Мәркеленұлы.
Жағалаудан аса ұстамасақ та мұз үстінде тұрған адамға қасынан автокөлік өткенде мұздың сықырлағаны естіліп, аздап тербеліс байқалады. Мұндай мұз аса қауіпті, кез келген уақытта жарықшақ пайда болып, мұз ойылып түсуі мүмкін, сондықтан да мұз үстіне шығуға асықпаңыздар!
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз