Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Ұлт жоспары ретінде бес институттық реформаны жұртшылыққа ұсынды. Елбасы белгілеген осы бес институттық реформаның қайсысы да маңызды десек те, осылардың ішінде «Болашағы біртұтас ұлт» делінген саланың маңызы жасампаздыққа жол ашқан жас мемлекет үшін аса айрықша. Себебі, қоғамдағы қандай да болмасын реформаны жүзеге асыратын жалпы әлеумет, тұтас мемлекет халқы. Осы орайдан келгенде, барлық экономикалық, әлеуметтік саяси реформалардың кез келгені сол халықтың бірігуін, әлеуметтің жұдырықтай жұмылуын қажет етеді.
Елбасының бұл «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институттық реформа» атты бағдарламалық сөзінде және бір керемет ой айтылды. Оның керемет әсері, тамаша тағылымы жалпықазақстандық ортақ ұстаным мен діл қалыптастырудың «Қазақстан Республикасы» атты мемлекетіміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болғанын шынайы моделін көрсетуі.
Елбасы Ұлт жоспарын табысты орындау үшін қолайлы халықаралық климаттың қажет екені де айтып өткен. Ұлт жоспары – әлеуметтің әлеуетін арттыратын реформа, мемлекетті одан әрі дамытып, тәуелсіздік тұғырын бекіте түсетін нақты қадамдар екені даусыз. Ұлт жоспары – әлемдегі бүгінгі тұрақсыздық жағдайында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін елдік құжат. Ұлт жоспары – ұлттың ерік – жігерін ұштап, заманауи талаптарды қабылдай отырып, алға ұмтылуға жетелейді. Ұлт жоспары – ортақ жауапкершілік жүктеп, ұлы істерге бастайтын маңызды шара.
Ш.Қалдыбаева, Көкпекті аудандық
сотының кеңсе меңгерушісі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.