Елім-жерім деген қазақ даласының ұл-қыздарының армандары орындалып, еліміз тәуелсіздік алғанынан бері жиырма бес жылға таяу уақыт ішінде елеулі жетістіктерге жетті.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев өзінің әр Жолда-уында: «Болашақ дамуымызға едәуір кедергі келтіретін теріс құбылыс – сыбайлас жемқорлық екені баршаға аян. Осыған орай Қазақстан жұрты бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның дамуына қосылған үлес» - деген тұжырым жасап отыр. Себебі – қоғамға бөтен, елдің өркендеуіне кедергі келтіретін аса күшті құбылыс – сыбайлас жемқорлық.
Атап айтқанда, Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс әрекет жасау жауаптылығы да белгіленген болатын. Сонымен қатар, өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық деректері туралы әрбір басшы тиісті органдарға, лауазым адамдарына уақытылы жеткізуі міндетті, яғни, ол осы міндетін орындамаса заңмен қарастырылған тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қызметі көтермеленеді, мұндай ретте оларға ынталандыру шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің айырықша тергеуіне сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық қылмыс түрлері берілді.
Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлық қылмысының қоғам үшін қауіптілігі еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін бірден біліне бастады. Мемлекеттік аппарат шенеуніктерінің сыбайластыққа салынуына сол бастан белгілі болды. Осыған байланысты республикада бұл құбылысқа қарсы бағытталған заңдылық және ұйымдастырушылық шаралары қолға алынып, бүгінгі күнде бұндай қылмыстар жасаған үшін жауаптылық та күшейтілген.
Сыбайлас жемқорлық азаматтардыңконституциялық құқықтары мен бостандығын бұзуға әкеліп соғады. Сыбайлас жемқорлықтың өріс алуы мемлекеттік аппараттың жұмысына нұқсан келтіріп, оның беделін түсіреді. Қоғамдық санада өкімет органдарықызметінің жұмысының тиіссіз екенін, олардың құзіретінің әлсіз екенін көрсетеді. Халықтың өкіметтен алшақтауы орын алады. Бұның барлығы мемлекет пен қоғамның саяси қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.
Сыбайлас жемқорлық әрекеті нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесін елеулі түрде бұзу орын алады. Осы белгілер бойынша ғана сыбайлас жемқорлық қылмысын әкімшілік, азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрінен айырып алуға болады.
Аты-жөні жоқ арыз, шағымдар тексерілуі тиіс, аты-жөні жоқ арыз-шағымдарда жалған мәліметтер берілсе, ондай хабарлама берген субъектілер тиісті жауаптылыққа және жазаға тартылуы қажет. Заң нормаларымен осы ұсыныстар реттелген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмысқа тосқауыл қойылар ма еді? - деген сауал туады. Қандай да іс әрекет, қылмыс, теріс қылықтар жасалмасын әр адам өзінен бастауы керек шығар. Осының барлығын тұжырымдай келе Қазақстан Республикасының азаматтары әр қадамымызды ойлана басып, «сыбайлас жемқорлық» деген қауіпті әлеуметтік құбылысқа қарсы күресті өзімізден бастайық.
Ш.Қалдыбаева, Көкпекті аудандық
сотының кеңсе меңгерушісі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.