Аудан әкімі дербес бөлім-дер мен ауылдық округ әкім-дерінің жұмысын осылайша сипаттады. Бұл тақырып аппараттық кеңесте де, жұмыс сапары барысында да осылай тұжырымдалды.
Бүгінгі күннің басты тақырыбы ҰБТ тапсыруға даярлық болып отыр. Бірнеше ауылдық округтің әкімі мен мектеп директорларын тыңдай келе, Дүйсенғазы Мағауяұлы Самар және Тассай ауылдық округтері әкімдерінің және М.Әуезов атындағы мектеп директорының жұмыстарын төмен деңгейде екенін атап көрсетті. Нәтижелерді сараптай келе, аудан әкімі мұғалімдер арасында бәсекелестік орта қалыптастыру қажет. Бұл бір күннің немесе жылдың жұмысы емес деп айтты. – Бұл кешенді, әр тұлғаға дербес қарайтын мақсатты жұмыс, оған ата-аналардың да мүдделі болғаны, түлектердің жауапкершілігі қажет. Сонда ҰБТ нәтижелері оңды өзгеріс береді, - деп түйіндеді аудан басшысы.
Дүйсенғазы Мағауяұлы ауылдық округ әкімдерінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының басшылары алдында бюджет қаражатын тиімді пайдалану және басқару міндеттерін қойды. Оның нақты құрылған жұ-мыс орындары, салықтық түсімдер көлемі мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие алған кәсіпкерлерді тіркеу туралы сауалы жауапсыз қалды. Мұндай жағдайдың орын алу себебі – бастапқыда жіберілген қателер болып табылады. Бизнес жобаларға жүргізілетін экономикалық сараптамалардың әлсіздігі, оларды жүзеге асы-руға бақылау жасауда сала қызметкерлерінің жұмысындағы кемшін тұстар мен жаңылысу осылардан құралады.
Преображенка ауылындағы жекеменшік ба-лабақша салу мәселесінің тежелуіне басты себеп – жеделдік пен мәселені шешуге кешенді көзқарастың аздығы болып отыр.
Ауданды аралау барысында аудан әкімі облыс әкімінің түрлі мәселелер бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен, бірқатар ин-новациялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Аудан басшысы «Кузьмич» ЖШС, «Мәмбет», «Дмитрий», «Елдар» ШҚ өндірістік базаларында, «Миролюбовка балық тұқымын өсіру шаруашылығы» ЖШС-де болды. Сонымен қатар, шағын бизнес нысандарын аралады.
Аудан әкімі аудандық ауылшаруашылығы мен ветеринария, кәсіпкерлік бөлімдері, Жұмыспен қамту орталығы мамандарының жұмысын сынға алды. Бір ай көлемінде ауылшаруашылығы бөлімі «Кузьмич» ЖШС мен «Миролюбовка балық тұқымын өсіру шаруашылығы» ЖШС-де балық ресурстарын және су жануарларын жасанды жолмен көбейту мен өндірісті культивациялау жобалары толықтай зерттемеген. Ал бұл инновациялық жобалар біздің ауданға тиесілі жағалау Зайсан, Бұқтырма су қоймасы, Ертіс бойында 248 километрді алып жатқанын ескерсек, өте тиімді. - Бұл жобалар жүзеге асатын болса, болашақта ол аквамәдени жағынан дамып, ішкі нарықты бекіре тұқымдас балықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал, балық шаруашылықтары және табиғатты пайдаланушыларды балық ұрықтарымен қарық қылады, - деп атап көрсетті Дүйсенғазы Мағауяұлы. Сонымен бірге, ашылатын жаңа жұмыс орындары мен салық түсімдері де маңыздырақ болып отыр. Алайда, аудандық ауылшаруашылық бөлімі шенеуніктерінің инновациялық жобаларды қолдау мен әдістемелік көмек беруге уақыттары жетіспейді. Жобалар болашақта Құлынжон және Миролюбовка ауылдық округтері экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететінін ескермей отыр.
Ауылшаруашылығы бөлімінің тарапы «Мәм-бет» шаруа қожалығының өнімді өңдеу инно-вациялық жобасының жүзеге асу жағдайы мен аудандағы уақытша тұрақтандыру қорын құруды ұйымдастыру мәселесін жете назарға алмай отыр.
Аграрлық-техникалық колледжде аудан әкімі облыс әкімінің оқушыларды балмен, сүтпен қамтамасыз ету тапсырмасының орындалу барысын қадағалады. Колледж директоры Н.Исеновпен дуальдік оқытудың оңды жақтарын және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша оқыту тапсырыстарын орналастырудағы туындайтын мәселелерді талқылады.
Аудандық уақытша тұрақтандыру қоры мен шаруа қожалықтарының өнімдерін сату пунктіне барғанда аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен кәсіпкерлік бөлімінен базарды сапалы, нарық бағасынан арзан өніммен толықтыру жұмысын жандандыруды талап етті. Өкінішке орай, аудан әкімінің бұл тапсырмасын орындауға да жоғарыда аталған мамандардың «қолы тимей жүр».
Аудан әкімі мен «Елдар» шаруа қожалығының басшысы Ербол Шәкеровтың арасында асыл тұқымды мал басын көбейту және ауыл-шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша келелі әңгіме өрбіді. Бұл шаруашылықта заманауи іскер адамның қолтаңбасы білінеді. Экономикалық сараптама, шығатын шығын мен кіріс бойынша нақты есептеулер, жаңашылдық пен креативтік көзқарас туындаған мәселелерді жедел шешіп, шаруашылықты кешенді түрде жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Қазір қырық бас жылқыға қора салынып жатыр. Сондай-ақ, қымызды даярлап, арнайы ыдыстарға құю желісін іске қосу көзделіп отыр. Бұл қосымша тағы 15 жұмыс орнын ашады, салық көзі пайда болады. Біздің аудандағы ұзақ мерзімдік болашағы бар кластердің дамуы деген сөз.
Біздің кейбір шенеуніктерге осындай кәсіп-керлер мен шаруашылық басшыларынан тиімді басқару мен озық әдіс-тәсілді пайдалануды, туындаған мәселелерді оңтайлы шеше білуді, алға мақсатты және ұзақ мерзімдік, пайдасы бар жобалар жасай білуді үйрену керек шығар.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.