Аудан тарихы жыл сайын жағымды жаңалықтармен толы-ғып жатқанын санасы сергек қалың жұрт жақсы біледі. Со-ның бірі былтырғы жылы қолға алынған тұрғындардан сүт қабылдау бекетінің ашылуы болғаны анық. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың әр ауданда тауарлы-сүт фермаларын құрып, сүт қабылдау арқылы тұрғындар үшін қолжетімді, таза, арзан, сапалы өнім өндіруді қолға алуға байланысты тапсырмасынан туындаған сүт қабылдау бекеті аудан орталығында тұрақты жұмыс істеп тұр.
Шаруасын шарықтатуды көздеген іскер жерлесіміз Қарлығаш Әубәкірова ауылдастарына қажетті бастаманы көтерген. Аталмыш сүт қабылдау бекеті Семей қаласындағы «Айша» сүт цехының иесі Марат Қалықовтың туған жеріне сыйлығы десек те болады. Аудан басшысының үндеуіне қолдау танытқан кәсіпкердің жобасын жергілікті тұрғындардан қабылдауды ұйымдастыратын Қарлығаш Әубәкірова жүзеге асырып отыр.
Қабылданған сүттің сапалық құрамын анықтайтын «Лантан» анализатор аппаратын жетік меңгерген Ерлан Әубәкіров өз ісіне бекем. Сүттің майлылық, тығыздық, қосылған сулық құрамын есептеп шығаратын аппарат көрсеткіші нақты. Ресейде шығарылған 3 тонналық заманауи «Fresh milk» сүт сақтағыш құрылғысы халықтан күніне 1,5 тонна сүт жинауға қабілетті.
– Бұл бастаманы көпшілік жұрт білсе дейміз. Негізінен өндіріске жарамды сүттің сапалық көрсеткіші кемінде 3,6 майлылық болып саналады. Сондықтан да түсініспеушілік те болып жатыр. Көктем уақыты болғандықтан кейбір сүт тапсырушылардың өнімі аталмыш сапалық көрсеткіш деңгейіне жетпейді. Сол себепті сүттің бағасы да ауытқып тұр. Ал негізінен аудан көлемінде былтырдан бері қабылданып жатқан өнімнің сапалық құрамы жоғарғы деңгейде. Халықтың белсенділігі әлі де анық байқалмайды. Жергілікті ауыл әкімдерінің күш-жігерімен қажетті мөлшердегі сүт жиналады. Болашақта бұл іс жолға қойылар болса, тұрғындар тарапынан да талпыныс артатыны сөзсіз. Күнделікті сапасына қарай сүтті әр литріне 50-70 теңгеден қабылдап жатырмыз. Табыстың көзі әркімнің қолында екенін жақсы түсініп алған абзал, - дейді Ерлан Әубәкіров.
Әр күн сайын таңғы 7 мен 9 аралығында қабылдау жүргізіледі. Төлемақы қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады. Алғашқы қадамын жасаған жобаның сәтті боларына барлық негіз бар. Іргедегі Ажа ауылының, шалғайдағы Шұғылбай мен Теректінің сүт тапсырушыларына тәнті болдық. Аталмыш ауылдарда тың жобаны қолдап, жерлестерді тың табыс көзіне бағыттап жүрген округ әкімдерінің белсенді жұмысын да атап өткен жөн шығар. Көкпектіде қолға алынған жұмыс Самар өңірінде де өркендеп кетер күн алыс емес.
Осылайша аудан орталығынан ашылған сүт қабылдау бекетінің жұмысы қызып тұр. Табыс көзін таба білген жеке кәсіпкер жұмыссыздар санының азаюына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақ-саруына үлес қосуда. Бастысы, азаматтарды ақпараттандыра білу керек. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін, оны оңтайлы пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіре білсек, жұрт үшін жемісі де көп болмақ.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.