Көкжота ауылының келіндері шетінен пысық. Олардың қолынан келмейтіні жоқ. Сонымен бірге өздері кереметтей ұйымшыл. Қайда той, қаза болса барлығы бірдей жүріп көмектеседі. Ауылда жастар көп, тіпті жаңадан үйленгендер бөлек шығатын бос үй де табылмайды екен. Сондықтан да, көпшілігі өздеріне үй салып алады. Кәмәш пен Ғалия Қоңқабаевтың ұлдары Жәлел мен келіні Элмира да ата-аналарының үйінің жанынан үлкен үй салып алып, бөлек шыққанда тұңғыштары бес жасқа таяп қалған еді.
Толығырақ...Цирк дегеніміз - адамдарға, балаларға көтерңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдениетті орын. Цирк-те күлегештер, сай-қымазақтар, әр түрлі жабайы аңдар неше түрлі өнер көрсетеді. Олардың өнерлеріне таң қалмайтын адам болмайды.
Осындай цирк өнерінің тізгінін ұстап жүрген, Ресейлік «Сібір циркі» маусым айының 27 жұл-дызында, Көкпекті ауылына ат басын тіреді. Олар балаларға арнап цирктік қойылымдар кешін өткізді.
1-21 шілде аралығында Көкпекті ауылында шағын футболдан аула командалары арасында балалар және жасөспірімдер лигасы өткізілген болатын. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді. Жасыл алаңды жалынға толтырған ойынға барлығы 10 команда қатысты.
Толығырақ...Көкпектілік жас әнші, Ж.Шайжүнісов атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Бақдәулет Мұрат Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында 11-12 шілдеде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған жасөс-пірімдердің «Достық» ән фестивалінен 1 орын алып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Дипломы және «Достық» медаліне ие болды. Ал, әншілік өнерге бейім ұлы Бақдәулетті баптап, бәйгеге қосып жүрген әкесі Қанат Бекмолдин Халықаралық ұстаздар Одағының алғыс хатымен және медалімен марапатталды. Аталмыш байқауда көкпектілік ақын Қалыбай Алтынбаевтың сөзіне Аққазы Бозақанов әнін жазған «Өркендей бер, Қазақ елім!» атты патриоттық рухтағы әнді шеберлікпен орындаған балғын өнерпаз, сонымен бірге, туған еліне деген сүйіспеншілігін «Мой Казахстан» әнімен де жеткізді.
Толығырақ...Жерлесіміз, Халықаралық Жазушылар Ода-ғының мүшесі Бейсен Аханов туған жерге, Отанға деген жүрекжарды жырларын, күнделікті өмірдің түйткілдерін, адамгершілік қарым-қатынас, тәрбие мәселелерін лирикалық философиялық өлеңдері арқылы көркем сөзбен өрнектей білген, көпке танымал ақын. Оның бүгінгі күнге дейін бірнеше жинағы баспадан шығып, оқырманының сүйіп оқитын кітаптарына айналды. Зейнеткерлік жас-та шабытына шабыт қосылған ақын бұл күндері «Оралу» атты тарихи роман жазу үстінде. Бала шағынан ақын, жазушы болсам деген асыл арманына жеткен Бейсен Аханов азапты да қиын жол екенін біле тұра нық сеніммен осы өнер жолын қуды. Өмір жолындағы бұралаң соқпақтар, кездескен ауыртпалықтардың әсерінен жоғары білім ала алмағанына қарамастан, ол өз бетінше ізденіп, шығармашылығын қаламымен ұштап отырды. Нәтижесінде аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарда, сондай-ақ, шетелдерге тарайтын халықаралық «Шалқар-2» газетіне өлеңдері мен әңгімелері жарияланып келген қаламы қарымды ақын. Қарапайым тіршілік кешіп, әдеби ортадан алыста жүрсе де, поэзия есігін кештете қаққан ақынның жан дауысы, жүрек лүпілі, азаматтық көзқарасы оның өлеңдерінен айқын сезіледі. Көкпектінің салқын самалы тербеп шығарған жүрек сырын жақында «Шашу» атты жинаққа енгізді. Өмірдің тыныс-тіршілігін сезімталдықпен қабылдайтын Беисен Ахановтың газет бетіне жарияланып отырған бір топ өлеңдері жырсүйер қауымның талғамынан шығар деген сенімдеміз.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.