Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының денсаулығын сақтауға зор маңыз беріп келеді. Ол үшін спортпен де шұғылдану қажет. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауында «Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі» деп атап көрсетті.
Мұның астарында шымыр да бәсекеге қабілетті ұлтты шыңдау мақсаты барын анық пайымдаймыз. Көкпекті ауданының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі осы мақсатты жүзеге асыруға зор үлестерін қосып келеді. Бұл үшін ауданымыздағы спорт кешені жас спортшылардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына барынша қолдау көрсетіп, мүмкіндік жасауда. Сондай-ақ, спорттың барлық түрінен шұғылдану қолжетімді болды әрі күнделікті әдетке айналды десек артық емес. Осының нәтижесінде аудан намысын қорғап, туын биіктетіп жүрген спортшылардың жеңіс жолында тұғыры жоғары екендігі де дау тудырмасы анық. Біздің спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда айтарлықтай нә-тижелерге қол жеткізіп жүр. Соның бірі – корей халқының ұлттық спорт түрі – таэквон-до.
Толығырақ...Көкпекті ауданының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тә-уелсіздігінің 25 жылдығына орай, жерлес ақынымыз Қалихан Алтынбаевты еске алуға арналған «Жыр дүлділі - Қалихан» атты жас ақын оқушылардың қатысуымен жыр мү-шәйрасы болды.
Қалихан Алтынбаев - ерекше қа-білеттілігімен, сыршыл сезімталдығы-мен, ойының өрістілігімен, тілінің өт-кірлігімен дараланған ақын. Ол бүкіл саналы ғұмырын ақындыққа арнаған жан. Қалихан Алтынбаев газет тілшісі, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеп, қалың бұқараның ортасында жүрді. Ол қайда болса да ел ішіндегі атақты адамдардың үлгілі ісі мен шежірені, бұрынғы ақындардың мұраларын, қағытпа-қайым айтыс өлең-дерін, мақал-мәтелдерді, қысқасы бе-сік жырынан жоқтауға дейінгі әдеби мұраларды жинақтаған. Аудан көлемінде дәстүрлі түрде өтетін бұл жыр додасына Көкпекті, Теректі, Преображенка ауылдарынан жас ақындар бақ сынасты. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептен 10 сынып оқушысы Іңкәр Дәлелхан мен 9 сынып оқушысы Болатхан Құ-сайынов (жетекшілері Д.Байсеңгірова, Д.Шакербекова), Көкпекті орта мекте-бінен Қорлығайын Мерғали (5 сынып), Қарақат Досанова (5 сынып), Айдана
Толығырақ...
Қазан айындағы Қарттар күні және Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орайластырылып, «Жас Отан» жастар қанатының ауылдық округтердегі жастар ұйымдары бірқатар шараларды өткізді. Солардың бірі Самар ауылында ұйымдастырылған кездесулер болды. Самар ауылында соғыс ардагерлері саусақпен санарлықтай қалды. Солардың ішінде жалғыз әйел адам бар. Ол Валентина Степановна Федосова. Жасы 93-ке келген жауынгер-ана бұл кездесуді тосын сый ретінде қабылдады. Кездесуге арнайы үйіне келген екі орта мектеп пен агротехникалық колледждің оқушыларын ол қуана қарсы алды. Жылуын аямай тұрған күздің мизамшуақ айында ауладағы демалыс бұрышында өткен кездесуде балалар Валентина Степановнаға қызықты сұрақтар қойды.
Толығырақ...Өткен жұмада аудан орталығындағы ауласынан бақытты балдырғандардың былдыр үні мен шаттыққа толы күлкісі бір тынбайтын «Шуақты шұғыла» балабақшасында Тілдер мерекесіне арналған ертеңгілік болып өтті. Іші-сырты көріктілігімен көз тартып тұрған құтты ұяға кіргенімізде екінші қабаттағы акт залы сахнасында 3-4 жас арасындағы кіп-кішкентай періште сынды нәзік үнді бал тілді бөбектер хормен «Астана» әнін әуелетіп тұрды. Жас ерекшеліктеріне қарай әр түсті бантиктер және галстуктар таққан тәп-тәтті балапандардың алаңсыз да қамсыз бақытты жүздерін көрудің өзі бір ғанибет еді.
Толығырақ...
Ұлы Отан соғысы аяқталып, арада қаншама жылдар зымырап өткенмен, оның салған жарасы талай жүрекке түскен дақ боп қалды. Балғын балалық шақтары осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген жандар қаншама. Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен бірге бөлісті. Ел басына түскен қиын-қыстау шақта тылда қара жұмысқа жегілген жанның бірі – Көкжайық ауылдық округіне қарасты, Қарамойыл ауылының тұрғыны Ақшолақова Кәмила әже.
Кәмилә әжеміздің үйіне барған кезде бізді жылы шыраймен кенже келіні Жаңыл апай қарсы алды. Өкінішке орай, Кәмилә әжеміз сырқаттанып қалғандықтан, апамыз жайлы Жаңыл апай айтып берді. Алған мәліметтерге сүйенсек, 1922 жылы 20 қаңтарда дүние есігін ашқан Кәмилә апаның балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұспа-тұс келіпті. Ел басына қиын қыстау заман орнағанда ол да аянып қалмаған. Қаншалықты адам төзгісіз ауыр жұмыстарды атқарған кейуана ұрпағының ертеңін ойлағаны даусыз.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.