Өткен аптада Көкпекті ауданында Дәулет Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған қазақша күрестен аудандық жарыс өтті.
Бұл күні ұлттық спорт түрі- қазақша күрес жарысына 1999 жылдан бастап 2003 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Турнир барысында ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар бақ сынады. Екі қатар төселген күрес кілемінде қара терге түскен палуандар. «Бап шаба ма, бақ шаба ма» дегендей, жарыс барысында жер бауырлап жатқан қарсыласының белінен алып, ыңғайлы жағына аударып тастау әркімнің арманы болды.
Жарысқа қатысқан Көкжайық орта мектебінің оқушылары арасынан 6 «Ә» сынып оқушысы Мерей Қайратов пен 8 «Ә» сынып оқушысы Құштар Серікұлы – ІІІ орынды иеленіп, жас жаттықтырушы Данияр Орынбековтің сенімін ақтады. Болашақта команданың басқа мүшелері де өздерінің шеберліктерін шыңдай түсетініне сенім мол. Аудан спортының дамуына үлес қосып жүрген жаттықтырушының шәкірттері әлі де жақсы нәтиже көрсетуге тырысады деп ойлаймыз.
Назгүл МУРСАЛИМОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.