Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев 16 тамыз күні арнайы жұмыс сапарымен Тассай ауылдық округіне барды. Жұмыс сапарын жол бойындағы Бөдес ата мазарына зиярат етуден бастады. Мазар басында Тассай ауылының азаматтарымен кездесу өткізіп, құран бағышталды. Әулие Бөдес ата мазарын абаттандыру жұмыстарының жоспары талқыланды.

Айта кетейік, өткен жылы Тассай ауылының азаматтарымен кездесуде аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев өз тарапынан Әулие Бөдес ата мазарын абаттандыруды қолға алу бастамасын көтерген болатын. Аудан басшысының игілікті бастамасын барлық азаматтар бір ауыздан қолдап, абаттандыру жұмыстары бірден басталып та кеткен еді. Көп жылдар бойына Тассай халқының көкейінде жүрген үлкен іске осылайша тың серпін берілді.


Қазіргі уақытта Әулие мазары қоршалып, айшықты қақпа орнатылды. Бұл сауапты іске жергілікті халық еңбектеген жасынан еңкейген кәрісіне дейін бел шеше кіріскені көзге көрініп тұр. Азаматтармен кездесуде аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы өз тарапынан барлық қолдау шараларын жүзеге асыратынын ашып айтты. Ауылдық округ әкімі Ержан Мазыбаев атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Ержан Құдайбердіұлының айтуы бойынша бүгінгі күні мазарды көтеруге қажетті кірпішке тапсырыс берілген. Сонымен бірге мазар аумағына 2 жерден су ұңғымаларын бұрғылап, құдық қазу, көшеттер отырғызып, басқа да абаттандыру жұмыстары атқарылады.
Бөдес Сапыұлы – Әулие Ырғызбай Досқанаұлы атаның жолын жалғаған шәкірті, туған жиені. Бөдес ата туралы қасиетті әулие, танымал емші болған деген аңыз-әңгіме ел ішінде сақтаулы. Көкпекті – Тассай тас жолының бойында тұрған Бөдес ата бейітіне жолаушылар арнайы тоқтап, басына зиярат етіп жүреді. Жергілікті халық қасиетті Әулие атаның басына құран бағыштай барып, ауруына ем сұрайды.
Тассай ауылының тумасы, белгілі шежіреші Мүсәйіп Сыдықов өзінің «Көнші шежіресі» атты жинағында біршама деректер ұсынады. «Бөдес ата – аруақ қонған әулие. Қыржы Ырғызбайдың жиені. Кезінде Омскіден фельдшерлік оқу бітіріп, адам емдеп, атағы шыққан. Қылы бойындағы зиратын Әзірхан бастаған ұрпақтары қайта көтеріп, қасынан адам түнейтін үй салған. Ауырып-сырқаған адамдар, аруағына жалбарынып басына түнеп жүреді» деген деректер бар.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз