Ұлы Дала Елі алаңында Абай күніне орай «Ұлы қазақтың ұлы Абайы» атты тақырыптық концерт өткізілді. Іс-шараны Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Онда Ұлы ақынның өлеңдері шырқалып, халық рухани байыды. Көкпекті ауылының тұрғындары ұлы ақынның шығармашылығын тыңдау үшін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концертті тамашалауға алаңға жиналды.
10 тамыз – Абай күніне орайластырылып ұйымдастырылған шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұлы ақын һәм ойшылдың көпшілікке танымал, шоқтығы биік музыкалық шығармаларын орындады. Олардың қатарында Абайдың «Көзімнің қарасы...», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды әндері мен «Желдірме», «Торжорға» сияқты күйлері болды.
Тақырыптық кеш шымылдығы «Толағай сазы» фольклорлық ансамблінің орындауындағы «Тор жорға» күйімен ашылды.
Ұлы ақын шығармалары бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігі мен құндылығын жоғалтқан жоқ, оның ой тұжырымдары әлі күнге дейін бізге рухани азық болып келе жатыр.
Мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері Айдана Есполова, Айым Жүнісова, Зейнолла Кеней, Марат Әбілмәжінов, Нұрлан Қайратұлы, Ақерке Сейітқанова Абай Құнанбаевтың әйгілі музыкалық композицияларын – барлық уақытта тыңдармандарды бей-жай қалдырмайтын мәңгілік туындыларын әуелете орындап, көрермендер жүрегіне жеткізді.
Ал Дулат Манарбеков халық арасында кең тараған «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін көрерменнің қосылуымен бірге шырқап, кешті одан сайын жандандырды.
Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында.
Абай поэзиясының барлық қуаттылығын паш еткен игі шара жиналғандарға ерекше әсер сыйлап, жүрек қылын шертті.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.