Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық кітапханасының «Өлкетану» жоспары бойынша Биғаш ауылдық округінде «Апрым ата – дала кітапханасының бастауында» деген танымдық-тарихи семинар болып өтті. Семинарға Көкпекті ауданы орталықтандырылған кітапханасы меңгеруші Айтжамал Ибраева, кітапханашылар Жұлдыз  Жақыпова, Әйгерім Маханова, Қайрат Малғаждаров, Биғаш ауылдық округі әкімі аппаратының маман-хатшысы Гүлмира Исмаилхаджиева, Биғаш ауылдық кітапханасының меңгерушісі  Айтжамал Момбаева, Биғаш негізгі мектебінің кітапханашысы, ауылдық кітапхананың оқырмандары қатысты. 

 

Бүгінгі қоғамда материалдық көмек күтіп, қорғаныш іздеген адам – әкімшілікке барады. Жанына араша іздеген адам мешітке барады. Рухани азық іздеген адам кітапханаға келеді. Сондықтан заманауи жабдықталған, қоры мол, кітап оқыр залы тыныш, кең жарық болса – мұндай кітахана таптырмас жан рахаттандыратын орын. Көкпекті аудандық кітапханасы осы шарттарға сәйкестендіріліп келеді. Әлі толықтырар, жөнге келтірер жағы болса, мекеме басшылары жөнге келтірер деген үміттенеміз.
Көкпекті ауылынан шыға бере Алаш ардақтысы Хамит Тоқтамысов атылған Қаракезеңде үнсіз дұға етіп, Биғаш ауы-лына тарттық. Жолай Қаракезеңнің таңбалы тастары, Танаш бейіті, Көкшоқыдан есілген Тентекжыра бұлағы, алпамсадай болып көрінген Сарысүйек шоқысы айдындана сағыммен қалқыды. Жақсыбайға тұстаса бергенде алдымыздан Қойкоздатқан көрініп, Биғаш ауылының да үйлері ағараңдады. Биғаш ауылдық округі әкімдігі аппаратында Гүлмира Төлеуболсынқызы келген шаруамызды білген соң, жолбасшысын қосып, кітапханашы Айтжамал Момбаева бастаған топпен екі көлік атаның басына зиярат етуге аттандық. Биғаш ауылына «Ақбұлақ» келіп, көшеде құрылыс жұмыстары қызып жатыр екен.
Арабай-Тошандағы Биғайша апамызды іштей еске алып, Кіндікті өзенін бойлай Қонай шатына жетпей атаның басына бұрылдық. Оң жағымызда Күйгенжұрт пен Ақбуражанды қалып жатты. Алыста «Гүлдер» бригадасының да құландысы заманының ескерткішіндей қарауытып тұр екен. Мазарға таяй бере көлікті қаңтарып, тізе бүгіп, ауыл азаматы Серікбаев Жәнібек оқыған дұғаны жолдап, тәу еттік.
Ортаға шығып сапар барысын, айта келе кешегі ата-бабаларымыздың кітапты қастерлеп, ақ кигізге орап қадірлегенін, бірімен-бірі бөлісіп оқығанын түсіндіріп, келешекте осы қасиетті орынды қорғауға алу туралы ұсыныс айттық.
Семинар жұмысын Биғаш ауылдық кітапханасында жалғастырып, осы аумақтан шыққан тарихи, танымал тұлғалар туралы жасаған Айтжамал Момбаеваның баяндамасын тыңдадық. Семинар барысында кітапхана тарихы, «Апрым ата» кесенесінің архитектуралық, тарихи-мәдени құндылықтары туралы Қайрат Мәлікаждар баяндама жасап, әдістемелік құрал таратты. «Білімнің қайнар бұлағы кітап. Кітап өмір ұстазы» - деген терең мағыналы сөздердің қадіріне жеткен оқырмандармен жүздестік. Семинарда қорытындылай келе аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Айтжамал Ибраева: «Мемлекетіміз бүгінгі таңда кітапхана ісіне зор көңіл бөліп, оларды кітап қорымен толықтырып, кеңсе техникаларымен жабдықтап сапалы қызмет көрсетуге барлық жағдайды жасап отыр. Аудан кітапханашылары республикалық, облыстық іс-шараларға қатысып өздерінің біліктілігі мен білімділіктерін көрсетіп келеді. Кітап құдіретті қару, ауылдағы мемлекеттік идеологияны қарапайым бұқараға жеткізетін бірден бір мекеме. Сондықтан алдымызға қойылған мақсаттарға жету жолында ізденіп, қажымай-талмай еңбек етейік» - деген мақсаты тілегін білдірді.

Қайрат Бесбайыс,
Көкпекті аудандық орталықтандырылған
кітапхана кітапханшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз