4 желтоқсан күні ауданымызда еркін және қол күрестен спорт шебері Бекболат Ешмұхаметұлы Рахимов 65 жасқа толды.
Бекболат ағаның есімі - бүкіл ауданға мәлім. Бапкерлік салада 40 жылдан аса еңбек етіп, мол тәжірибесімен осы ұзақ уақыт аралығында еркін күрес пен қол күресінен облыстықтан халықаралық деңгейге дейінгі спорттық жарыстардың жүзден астам чемпиондары мен жүлдегерлерін жаттықтырып келеді.
Бапкер бүгінгі күнге дейін Көкпекті ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қол күресі секциясын жүргізеді. Қазір өзінің басшылығымен 20-ға жуық жас спортшы жаттығуда. Шәкірттері биік белестерді бағындырып, ауданымыздың даңқын асқақтатып келеді. Атап айтсақ, Дархан Қуанышев облыс чемпионы атағына ие, Дмитрий Вишняков облыстық жарыстардың жүлдегері, Темірлан Құдайберген мен Мөлдір Аманбаева, Александр Лебедев облысымыздың чемпиондары қатарында.
Бекболат Рахимов өзінің бапкерлік қызметін 1977 жылы бастаған. Алдымен еркін күрестен сабақ беріп, кейіннен қол күресі жаттықтырушысы лауазымына ауысады. Бекболат Ешмұхаметұлының жеке спорттық жетістіктерінің қоржынында - Харьков қаласында (Украина) еркін күрес бойынша бүкілодақтық жарыста бесінші орын алады, сондай-ақ еркін, классикалық және қазақша күресінен Қазақстанның жүлдегері, қол күресінен облыс чемпионы атанған.
Атаулы күнді спорт мектебінің басшылығы назардан тыс қалдырмады. Ұжым Бекболат Ешмұхаметұлын мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
Ол өз кезегінде Аслан Балабекұлына, Бақыт Ғазизұлына, Алтай Мақсұтұлына, Қарлығаш Төлебекқызына және барлық ұжымға жылы лебіздері мен ықыластарына алғысын білдірді. Айта кетейік, Бақыт Ғазизұлы - Бекболат ағаның шәкірті. Тәлімгердің ізімен жүріп, ол республикалық және халықаралық жарыстардың чемпиондары, жүлдегерлерін тәрбиеледі.
Екі спорт түрінен де шәкірттері әрқашан үлкен жеңіс тұғырынан көріне білді. Қол күресінен: Анастасия Лихомяжева (Республика, Азия және облыс чемпионы), Жанат Қалиев (әлем чемпионатының қола жүлдегері, облыс және республиканың бірнеше дүркін чемпионы), Вероника Новоселова (Қазақстан Кубогының және республика чемпионатының жүлдегері, ШҚО чемпионы), Александр Шевцов және Андрей Сейілғұмаров (балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасындағы республика чемпиондары), Сергей Анфилофьев (республикалық жарыстардың жүлдегері), Динара Қыздарбекова (республикалық жарыстардың жүлдегері, ШҚО чемпионы), Даниель Беспаев (ҚР Кубогының жүлдегері). Еркін күрестен: Мэлс Аткешев - грек-рим күресінен облыс чемпионы және ҚазКСР жүлдегері, Әділхан Орынбеков - еркін күрестен спорт шебері, дзюдо, самбо, ҚазКСР чемпионы, Айдар Рахимов - грек-рим күресінен спорт шебері, ҚазКСР чемпионы, Асқар Айдаров - еркін күрестен респуб лика жүлдегері, Серікқали Ибраимов - еркін күрестен республика чемпионы, Бақытжан Қойгелдин - еркін күрестен облыс жүлдегері. Аман Салдырғазин дзюдодан облыс жүлдегері, Тимур Әубәкіров, Руслан Ибрагимов, Арман Рахимов - қоян-қолтық ұрыстан облыс чемпиондары.
Спортшылар өздерінің жетістіктерінің артында мықты тұлға, үздік бапкер тұрғанын әсте естен шығарған емес.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.