Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дзюдо спортының пайда болу күні деп 1882 жылы болып есептеледі. 21 жастағы Дзигоро Кано Токиодағы будда храмында «Кодокан» мектебін құрған.. Дзюдо сөзі «дзю-дзюцу» сөзінен шыққан. Дзю-дзюцу» — «қарусыз күрес» - деген мағынаны білдіреді. XIX ғасырдың екінші жартысында дзю-дзюцу ұмытылып кете жаздады. Дзигоро Кано бұған жол бермеді. Әртүрлі мектептердің тәжірибесін қорытындылай отырып, ол «жұмсақ тәсіл» деп аталатын жаңа дзюдо күрес түрін жасады. Каноның айтуынша, дзюдо - «жастар үшін тек қана дене шынықтыру емес, ол жалпы білім беру, жекпе-жек, философия, күнделікті өмір өнері». 1886 жылы дзюдо мемлекеттік деңгейде танылды. 1889 жылы Еуропадағы бірінші дзюдо мектебі ашылды. 1956 жылы Токиода бірінші әлем чемпионаты өтті. Ал 1964 жылы дзюдо Олимпиада ойындарына енгізілді. Дзюдоның басты мақсаты рухани қағидаттарға сәйкес білім беру болды. Дзюдо идеологиясын әлемнің миллиондаған тұрғындары игеріп жатыр. Бүгінде дзюдо - Қазақстанда да танымал спорт түрі.
Әлемдік жарыстарды жүлдегер атанып жүрген қазақстандық дзюдошылар - Ерасыл Қажыбев, Ерлан Серікжанов, Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев сияқты татамидің тарландары.


Көкпектілік жас дзюдошыларды Арман Ержанұлы Ізғұтты Тассай ауылында жаттықтырады екен. Бүгінде дзюдо-да ауданға жүлде әкеліп жүрген Ринат Сәбиғалиев. Ол Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінде өткен халықаралық турнирлерде жүлделі болып жүрген жас талант. Елордамыз Нұрсұлтан қаласында наурыз айында өткен халықаралық дзюдо чемпионатында қола медаль иеленген. Бүгінде Тассайлық татами тарланы Семей қаласындағы дарынды спортшы балалар мектебінде тәрбиеленеді. Арман Ержанұлының қажымай талмай даярлаған спортшы шәкіртінен күтері көп. Ринат қайда барса да алғашқы жаттықтырушысымен ақылдасып, тәлімін алудан тайған емес. Тассай жерінен де Олимпиаданың күрес кілемдеріне шығатын палуандардың өсіп келе жатқанын көріп болашақтан зор үміт күтеміз.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз