Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақсуат пен Көкпекті, Ақжар мен Самар ежелден ауылы аралас, қойы қоралас ағайын ел. Самар ауылының даңқы - балдай сырасы мен ауыз толтырар ақбөлкесімен шыққанда, Көкпектіліктерде егінімен, шөбімен, ешкісімен мақтанатын. Ақжарлықтар «Ақжардан Мәскеуге» театрларымен жол салғанда, Ақсуаттың Бағаналы Саятүлеков атындағы ұлт аспаптар оркестрі малшы ауылдың төріндегі радиоқабылдағыш арқылы Алматыдан күй төгетін. «Елеке сазы», «Тоғыз тарау», «Қалба», «Байбура» жайлауларында спектакль қойылып, ән салынатын. Сондағы әртістер Алматы мен Семейдің кәсіби қызметкерлерінен кем түспейтін. Бүгін сол алтын көпір қайта тартылғандай, аталар дәстүрімен ауданымызға Ақсуат мәдениет үйінің "Ақсуат халық театры" келді.


Театр ұжымын бастап келген Ақсуат мәдениет үйінің директоры Шәкен Мәлікқызы Көпшікбаева. Жақсылыққа жаттығы жоқ мәдениет қайраткерімен көріскен жерден әңгімеміз жараса кетті. Бүгінгі алып келген қойылым балалар ертегісі «Ұр, тоқпақ!» екен. Қоюшы режиссері – Бейбіт Құсанбаев, суретшісі – Еламан Құжиманов. Бұл қойылым театр маусымы басталғалы 41 рет жұртшылыққа ұсынылып отыр екен. Пьесаға 20 әртіс тартылған. Шымылдық түрілгенде жайнаған декорация көрерменді ертегі әлеміне ала кетті. Ертегіні жастайымыздан жаттап өскен бізге сюжет мазмұны таң болмаса да, әртістердің ойыны баурап әкетті. Көрермен балақайлар қосарлана қолпаштап, спектакль барысына қатысып отырды. Осы орайда, Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тәжірибелі ұстаз Саягүл Тлебалдинаның пікірін білдік:
- Қойылым балаларға ұғынықты, тілі түсінікті көркем. Әртістердің ойыны бала көрерменді баурап, бірге ойнап отырғандай әсер береді. Декорация, костюмдер жоғары талғаммен таңдалған екен. Балалармен, оқушыларымен, әріптестерімен келіп, қызықтап отырмыз. Ақсуат театры ұжымына алғыс айтамын. Өнерлері өрге жүзсін, көрермендері көп болсын. Балаларға арналған қойылым шәкірттерімізді сахналық қойылымды төзімділікпен көруге, залда тәртіп сақтап, театр мәдениетін үйренуге баулиды. Бүгін ұстаздарымыз бен оқушыларымыз театрдың қандай болатыны, қойылымды қалай көріп, қалай ізет көрсетіп, ілтипат білдірудің сабағын алды десем де болады – деп, ризашылық көңілін білдірді.
Қойылым аяқталған кезде, сахна төрінде тұрған "Ақсуат халық театры" ұжымына аудан әкімі орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов алғысын айтып, шығармашылық табыс тілеп, аудан әкімі Асхат Смаиловтың атынан сый-сияпат жасады.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз