Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы - еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Биыл екінші мәрте тойланып отырған бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің қатарында. Бүкіл қазақстандықтармен бірге біздің ауданның ауыл-аймақтарында айтулы күн жан-жақты аталып өтті.
Көкпекті ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайы және Балалар өнер мектебі ұжымының ұйымдастыруымен 1 наурыз Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты - көпұлтты Қазақстан қалыптасқан тарихи оқиғаларды еске алу, жастардың аға буынының құндылықтарын дәріптеу, толеранттылыққа, ортақ тіл табыса білуге, туған жерін құрметтеуге және Отанын сүюге үйрету болды.


Іс шараның құрметті қонақтары Рафаэль Гаимжанұлы Галиев, Таисия Васильевна Шнайдер, Мария Александровна Гиргишан болды.
- Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға осындай тамаша мерекені өткізгені үшін рахмет. Біздің қазақ жері әр түрлі этностар мен халықтарды қабылдады. Алайда, бейбітшілік, келісім және төзімділік біздің егеменді республикамыз дамуының тұрақты серіктері болып қала береді. Менің ойымша, егер біз өзімізді, айналасындағыларды және туған өлкемді сүйетін болсақ, мүмкіндігінше көп күлкі мен жақсылық сыйлайтын болсақ, Қазақстан Республикасының және, әрине, өзінің кіші Отанының шынайы патриоты боламыз, - деп атап өтті Таисия Васильевна.
Іс шара қонақтарының алдында Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртісі Фархат Таянкенов «Үш бақытым» әнімен өнер көрсетті. Сондай-ақ Балалар өнер мектебінің әртістері: Айым Каконова «Салторы» күйін, облыстық «Жас толқын» байқауының дипломанты Арман Оразкен – «Мен қазақпын» әнін, «Балауса» би ұжымы – Қазақ биі, Республикалық «Атадан мұра» жас музыканттар байқауының және Польшадағы Халықаралық конкурстың жеңімпазы Ясмин Гусейнова – «Адай» күйін орындады.
Көктем келуімен бірге Алғыс айту мерекесі ерекше символдық мәнге ие болады. Көктем жаңарумен және гүлденумен байланыс-ты.
Тәуелсіз елі бар, көп ұлтты, ынтымақшыл халқы бар, кемел болашағы бар, оған деген сенімі нық жұртшылық мерекелік кешке риза көңілмен тарасып жатты.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз