Дзю-До – жапондардың ұлттық күрес ойыны. 19 ғасырдың аяғында джиу-джицу күресі негізінде пайда болған. Кейін келе, Олимпиада ойындарына енгізілген бұл спорт түрі Қазақстанда 20 ғасырдың екінші жартысынан бері дамып келеді.
Көкпекті ауданында кенжелеп қалған дзю-до күресі 2016 жылдан бастап Көкпекті ауылындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтыру жұмыстары жүргізіле бастаған болатын. Осы уақыт ішінде жас дзю-дошы Өскен Төлеубековтің шәкірттері талай дүбірлі додоларға қатысып спортшылары жақсы нәтижелер көрсетіп келуде.
Ағымдағы жылдың 26-29 қазан аралығында Зайсан қаласында Дзю-додан ашық облыстық турнир болды. Аталмыш турнирге Көкпекті ауданынан 6 спортшы барып, боз кілемде белдесті. Өз салмақ дәрежелері бойынша Заңғар Нұрланұлы мен Алдияр Танысбаев І орынды қанжығалап қайтты.
200 ге жуық спортшы қатысқан турнирдің ішінен топты жарып шыққан Заңғар мен Алдиярдың алар асулары көп болсын дегіміз келеді.
Бүгін міне талай тарланбас спортшылар тәрбиелеп шығарып отырған жаттықтырушы Өскен Төлеубековтің дарынды спортшыларына әлі де талай толағай табыстарды тілейміз!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.