Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

18 тамыз күні Астана қаласының 20-жылдығы мен Спорт күні мерекесіне орай Самар ауылында  ХХII жазғы спартакиада болып өтті.   Салауатты өмір салтын енгізу үрдісі, жүйелі түрде спортпен және денешынықтырумен айналысуды жалпы бұқара арасында насихаттау - ұйымдастырылған спорттық шараның басты мақсаты болды. 

Волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, жаздық Президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, граната лақтыру, мылтық ату, ұзындыққа секіру, армрестлинг, гір тасын көтеру, тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисінен жарыстар спартакиада бағдарламасына енгізілді.
Жазғы спартикида жарысына Көкпекті, Аққала, Самар, Миролюбовка, Бастаушы, Мариногорка, Теректі, Үлгілімалшы, Шұғылбай, Көкжайық, Палатцы, Тассай, Үлкенбөкен ауылдық округтері спортшылары асқан жауапкершілік, қызу белсенділікпен қатысты.


Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округ (әкімі Меруерт Малғаждарова), Сарыбел (әкімі Санат Қарымсақ), Құлынжон (әкімі Самат Құнафин), Биғаш (әкімі Дулат Оспанов) спорттың еш түрінен, ешқандай спортшыны қатыстыруға бейіл білдірмеген. Бұл дегеніңіз аталған округ әкімдерінің ауыл тұрғындары арасында қаншалықты күнделікті жұмыс жүргізіп, қарапайым тұрғындар алдында беделінің қандай деңгейде екенін білдіретін көрсеткіштей. Ауыл әкімі дегеніңіз мемлекетік саясат пен Елбасының Үкіметтің алдына қойған міндеттерін орындайтын бірден-бір жауапты тұлға екені сөзсіз. Бұқараны спортқа тарту туралы көп мәселе көтереміз, айтамыз. Ал енді нақты шара ұйымдастырар кезде кейбір ауыл әкімдерінің тысқары қалып, іс-шараларды ұйымдастырудан бойларын аулақ салуын, араласпауын не деуге болады. Өткізілген ХХІІ жазғы аудандық спартакиданың дұрыс дайындалмауынан, жүйелі ұйымдастырылмауынан Көкпекті ауданының облыста өткен Халықтық ойындарда неге 12 орын алып қалғанын, неге спорттық рейтингісінің төмендегенін көруге болады.
Өздері басқаратын округтердегі командалардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз етіп, спорт мерекесінің сәнін кіргізіп, мәнін ашуға ұйтқы болған, спартакиаданың ойындарының бар түріне командалары қатысқан Теректі және Самар ауылдық округтері әкімдері болды.
Жұдырықтай жұмылған Теректі ауылдық округінің 42 адамнан құралған командасының басты жанкүйері болған округ әкімі Қайрат Ахметқалиев спортшылардың қасынан табылып, ойындардың ақырына дейін болып, ауылдастарын жеңіске жетеледі. Палатцы ауылдық округі әкімі Бағжамал Базылғалам, Шұғылбай ауылдық округі әкімі Қайрат Алғазинов, Самар ауылдық округ әкімі Ахмет Күдербаев, Үлгілімалшы ауылдық округ әкімі Мерей Смағұлов, Миролюбовка ауылдық округ әкімі Серік Қасымханов ауылдарынан келген спортшыларға ойын соңына дейін қолдау көрсетіп, жанкүйер бола алды. Жазғы спартакиада ойындарында – Президенттік көпсайыста, мылтық атуда, армрестлингте жақсы нәтиже көрсеткен Самар, Палатцы, Бастаушы ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметкерлері – Гүлнәр Мажибаева, Айжамал Ракишева, Сәуле Шынтаева, Ыхай Серік, Бәдигүл Чалғынбаева, Гүлжан Хамитова командаластарын алға тартты. Спартакиадаға келген спортшылардың тамағын дайындаудағы зор жауапкершілікті Самар ауылдық округі маманы Ольга Ракишева атқарды.
Сағат 12-00-де болатын спартакиаданың ашылуы салтанатына дейін футбол мен волейбол алаңдарында жарыстың ұрысты додасы басталып та кетті.
Бұл ойындар да ешкандай топ, ешбір команда Самардың сақадай-сай жігітттеріне шақ келмеді. Екінші орында Көкпекті ауылы командасы болса, мәренің үшінші сызығына Көкжайық командасы тұрақтады. Ойындар барысында аталған ауылдардан келген жанкүйерлер плакаттар мен транспрарантар ұстап, керемет қолдау көрсетті.
Дәл сағат 12-00-де ХХII аудандық жазғы спартакиаданың жалауы орталық алаңда көтеріліп, қатысушы командалардың салтанатты шеруіне ұласты. Жарысқа қатысуға келсе де, шеруге қатысуға мұршалары келмеген Көкпекті және Көкжайық ауылдық округтері командары өздерінің ұйымшылдығы жеткіліксіз, спорттық тәртібі төмен екендіктерін көрсетті.
Спартакиаданың салтанатты ашылуының жүргізушілері Лариса Гебель және Алтай Нұрмұхамбетов ауданымыздың спортының дамуына жылдар бойы зор үлес қосқан азаматтарды жеке-жеке құрметпен атады. Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Койгелдин, спорт ардагері Марат Чукотаев ардагер спортшыларға алғыс айта келе, қатысушыларға жеңіс тілеп, жақсы тілектерін айтты.
Президенттік көпсайыс.
Президенттік көпсайыс кезінде орталық алаң айтып болмастай түрленіп кетті. Әр жастағы топтар мен санаттардағы 30-34; 35-39; 40-44; 45-49; 50-54; 55-59; 60-тан жоғарғы жастағы спортшылар жүгіруге - және 60 және 100 метрге, граната лақтыруға, 10 метрден мылтықпен нысана көздеуге, ұзындыққа секіруге, 1500, 1000, 6000, 100 метрге жүгіруге дайындалған қызылды-жасылды топ алаңды жайнатып жіберді. Ең қызығы 4х100 м; 400х300х200х100 метрлік эстафета кезінде, көрермен де, жанкүйер де, спортшы да жарыстың қаныңды қыздырар қызығына еніп кетті.
Жарыстың бұл түрінде әр ұпай үшін арпалысқан командалар споршылары өздерінің физикалық дайындығын, көңіл-күйін ақтық нәтиже үшін сарп етті.
Спартакиаданың жарқыраған жүйріктері болып жеңіл жүгірісті, әдемі қимылды спорт ардагері - ӘйгерімТүкенева (1500 м) және оның әріптесі АйгүлТютенева (800 м) болды.
Спорт патшайымы – жеңіл атлетика десек, бұл сайыста алдына жан салмай, өзінің күш-қайратын көрсетпекші болғандар жетерлік.
Әсіресе мылтық атудан өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынамақшылардың қарасы көп болды. Ең жоғарғы нәтиже көрсеткен мергендер – спорт ардагерлері - Василий Шо-Ву, Дамир Увальжанов; Эльвира Базарбаева (Палатцы), Серік Ақшабаев, Бақыт Күзембаева, Мария Ақшабаева, Баян Аблай (Теректі) Қалымбек Бибосынов, Жазира Түспекова, Оралқан Оралбек, Ыхай Серік, Абылайхан Набиолданов, (Самар), Ғазиз Насимолда (Мариногорка), Қарақат Темірбекова, Еламан Ахмадиев (Тассай), Нұржан Қасенов, Еламан Срымбаев, Ерғали Отыншинов (Бастаушы) Ольга Растрига, Сәуле Тұрсынғалиева (Үлкенбөкен), Санжар Қабаев (Шұғылбай) Елдос Анатпаев және басқалар болды.
Президенттік көпсайыстан жалпы командалық есепте 1-ші орын Теректі ауылдық округі командасына, 2-ші орын Самар ауылдық округі спортшыларына, 3-ші орын Палатцы ауылдық округі споршылары жасағына берілді.
400х300х200х100м эстафетасында Үлкенбөкендіктерге жан шақ келмесе, 2-ші орынды межелеген Теректілік спортшылар ешкімге дес бермеді.
Гір көтеру спорты
Бұл спорт түрімен көбінесе ер адамдар айналысқандықтан, сайысқа да 63 келіден 95 келіге дейінгі салмақтағы споршылар қатысты. 24 келілік гірдің тасын екі қолмен серпе, бір қолмен жұлқи көтеруде Е.Отыншинов (Бастаушы), О.Орынбаев, О.Оралбеков (Көкжайық) жүлде алса,и спорт ардагері Т.Карменов төрелік етті. Самарлықтар бірінші, бастаушылықтар екінші, Көкжайықтықтар үшінші орынды иеленді.
Армрестлинг
Жанкүйерлердің қызығушылығын арттырған қол күресі сайысы кезінде көрермендерді тәнті еткен армрестлингші қыздар Валерия Вяльцева, Қазақстан Республикасы чемпионы (Самар ауылдық округі), Жазира Жанпеисова (Үлгілімалшы ауылдық округі), Ирина Гельмерт, Василий Адаменко (Миролюбовка ауылдық округі) Лаура Жабекова болды.
Қазақ күресі
Күрес - қазақтың ұлттық спорты. Мұнда кім де кім қарсыласын жерге алып ұрып, жауырын жерге тигізсе, сол жеңімпаз атанады. Боз кілемде үлкенбөкендіктерге қарсылық көрсетер ешкім де табылмады. Олардан соң көкжайықтық палуандар жүлделі болса, үшінші орныға шұғылбайлық сом білектілер тұрақтады. Сонымен, атап айтар болсақ, олар – Ернар Жұмаділов, Аманжол Кұнанбаев, Дидар Тұқышев, Аманкелді Ғизатоллаев, Шыңғыс Мұстафин, Абай Нұрлыбаев, Сержан Исановтар болды.
Ой-санамен жарысатын дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ ойындарында, үстел тенисінде самарлық спортшылар жүлделі бірінші орынды алды.
Спартакиада ойындары кезінде спорттық командалардың мүшелері өздерінің жақсы дайындықтарын көрсетіп, спорт жарыстарының лайықты өтуіне ат салысты. Аудандық спорт бөлімі дайындаған бағалы және ақшалай сыйлықтар әр жеңімпазға жанкүйерлердің шапалағының жаңғыруымен, үлкен қошеметпен табысталды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Самар ауылдық округі спортшылары 321.5 ұпай жинап, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға барлығы 197.5 балл жинаған Теректіліктер, үшінші орында 172 бірлікпен Шұғылбайлықтар, 159 сандық көрсеткішімен Көкжайық ауылдық округі командасы төртінші орынды алса, бесінші орын 156 балды Бастаушылықтарға бұйырды.
Жазғы ХХІІ спартакиаданың өтуі, ұйымдастырылуы жайлы Палатцы ауылдық округі әкімі Бағжамал Базылағзамның пікірін сұрадық:
- Спорттық жарыс кезінде адамның рухының сергектігі, көңіл-күйінің көтеріңкілігі мен оңшыл куат күші нығайып, бүткіл жұмыс аптасына жетердей болады. Біздің округтің споршылары Президенттік көпсайыста 3-ші орын алды, жалпы есепте 17 округтің ішінде 9 орындамыз. Бұл жетістікке командамыздағы 6 адаммен жеттік. Бұл спорттық жаттығулардың жүйелі болмағанынан деп білемін. Келесі спартакиадада бұдан да жақсы нәтижеге кол жеткізерміз деп үміттене отырып Сіздерді спорт күні мейрамымен құттықтаймын. Еңбектеріңізге табыс, жеңіс тілеймін. Келешекке жақсы ниетпен ұмтылыңыздар!
-Теректі ауылының Қолдашевтар әулетінен - Арғын, Нұргүл, қыздары Айдана:
-Біздің споршылар әулетіміз Теректі ауылдық округі командасының намысын қорғады. Жарыстың бірталай түріне қатыстық. Нәтижеміз жаман емес. Бүгінгі мереке орай ауа-райы да қандай тамаша. «Спорт – бейбітшілік, спорт- достық» - деп бекер айтылмағаны жеңіске деген адал ұмтылыста көрінді. Спорттың көптеген түрі адам денесін шынықтырады, мінез-құлқын тәрбиелейді. «Дені саудың жаны сау» – деген сөз осындайда айтылса керек.
Жазира Жанпеисова, Сүлеймен ауылы (Үлгілімалшы ауылдық округі), армрестлинг жүлдегері:
- Бүгін сондай тамаша күн - спорт мерекесі. Мұнда спорт алаңдары мен орындарында, өздерінің төзімділігі мен қайратын, икемділігі мен шапшаңдығын көрсете алар спортсүйер қауым жиналған екен. Мен екінші орын алып қалам деп ойламаппын. Теректілік қарсыласым басымдық көрсетті. Бар күш-жігерімді жинап, жұдырықтай жұмылып, жеңіске жеттім. Жүлделі болу үшін жаттығуды үзбеу керек екен, мен өз дайындығыма сенімді болдым. Жеңісіме ризамын. Барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, ашық аспан, және көтеріңкі көңіл күй тілеймін.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз