Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай аудандық Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бала деген – бір бақыт» атты мерекелік іс-шарасы өтті.Көкпекті ауылының орталық алаңында жаз маусымының бірінші күнімен бірге келген шуақты мереке биылғы жылы ерекше жоғары көңіл күйде өтті. Мерекелік шараға ата-аналарымен бірге жиналған орталықтың тәрбиеленушілері балаларды қорғау күнінің мәні мен мағынасын тереңдете түскендей. Алғашқы құттықтау лебізімен мереке шымылдығын аудан әкімінің атынан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің басшысы Ә.Саржанов ашып, Халықаралық балалар күні мерекесімен жиналған балдырғандар мен олардың ата-аналарына ақ тілегін арнады:

 

– Құрметті ата-аналар және бүлдіршіндер, Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Әрқашан егемен мемлекетіміздің көпұлтты халқы бейбіт аспан астында береке-бірлікпен, тату-тәтті тіршілік етіп, балаларына үлгілі тәрбие беріп, әрбір отбасында сәбилер көбейсін. Баршаларыңызды баланың пәк көңіліндей ашық, жайдары жаздың жарқын мерекесімен құттықтаймын, - деді.
Іс-шарада жерлесіміз Жанна Жабекова мен жеке кәсіпкер, «Карина» тұрмыстық қызмет ету үйінің иесі Валентина Гранкина шеберханасынан шыққан өнімдерінің көрмесі қойылды.
Мерекелік шарада арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы қызмет алушыларына әрдайым демеушілік көмек көрсетіп жүрген аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Мұқашева жүрекжарды лебізін білдірді. Мереке қарсаңында Ж.Шайжүнісов орта мектебінің ұжымы кәсіпкерлер палатасымен бірлесе тәрбиеленуші Арасат Құдайбергеновке велосипед сыйласа, жеке кәсіпкерлер Мағфира мен Африма Даутовалар, Валентина Гранкина мүмкіндігі шектеулі балаларға киім таратты. Ал Гүлмира Шаяхметова жұмсақ ойыншықтар, Бағлан Байзақов балаларға адаптерлер тарту етті.
Бұл күні сахнада өнер көрсетіп, қызықты ойын жарыстарына қатысқан балақайларға сый-ойыншықтар тапсырылды. Осылайша, мерекелік шараларға атсалысып мадақталған бала, оның әкесі мен шешесі де мәз-мейрам.
Дәл сол күні балаларды қорғау мерекесіне орай «Әлем балалар көзімен» атты мәдениет үйінің көрермен залында мерекелік концерт қойылып, ертегілер әлемінің кейіпкерлері сахнада би биледі.
Көкпекті орталық аудандық кітапханасы қызметкерлері балаларға арналған кітап көрмесін көрсетті. Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған сурет байқауы, жебе ату, қаппен секіру, теңге ату, батпақтан өту қызықты ойындарына қатысушы балаларға мадақтамалар мен сыйлықтар берілді.
Көкпекті ауылдық округ әкімдігінің аппараты мереке барысында барлық балаларға тегін тәттілер мен балмұздақтар таратты.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз