Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ардақты атамыз, қаһарман батырымыз Қойкелді Аухадиевті замандас-туыстары, Нұржамила апаның көзін көрген жерлестері, ешқашанда ұмытпай, жақсылықпен ғана естеріне алады. Батыр атына қатысты кез-келген жақсы хабарды елге жеткізуге тырысқан апалар мен аталар ауылдарда әлі де баршылық. Ел батырды елін сүйген, халқына қамқор болған азамат ретінде жүрегіне сақтайды.
1942 жылдың тамыз айында Қойкелді атаның майданнан ауылға жазған хатын жаттап алған Әміртаева Күлзира Баубатайқызы 1935 жылы Үлкенбөкенде туған. Өскен жері Өрнек ауылы, сондағы бастауыш мектепте Әлмәди мұғалімнен сабақ алған. Бастауыш сыныптық қана білім алып, еңбекпен ерте есейген апамыз майданнан келген хаттарды оқитынын, оларды қайта-қайта оқып, жаттап алатынын айтады.


Бір күні колхоздың бар кісісін клубқа жинап, Қойкелді батыр атағын алды деп Сүлеймен деген ата қатты дауыстап, елге жар салды. Бірақ ешкім қуанып, қол соқпады. Қос құлынын қаусарған Нұржамила апа топ ортасында үнсіз тұрды. Әлдекімдер даурығып, құттықтап жатты. Кешке апам Ақай хатты қайтадан оқытты маған. Терең күрсініп үнсіз қалдық. «Герой болмаса да, тірі болса ғой» - деген ой естен кетпеді.
Әуелде алты жігіт елден кеткен,
Сағынып ел мен жерді өлеңдеткен.
Бәрі де, қызық, дүние, қалды-ау артта,
Өрнектің көшесінде сайран еткен.
Жолдасым, қалың қалай Нұржәмила,
Қиын ба өлең шіркін, салса миға.
Шыққалы мен үйімнен, екі ай он күн,
Сағындым балаларымды, қайран дүние.
Сейітов Қапан жолдас, колхоз бастық,
Шөп бітіп, ауылымда пісті ме астық.
Кешегі бірге жүрген жолдас едік,
Алыстан ақ қағазбен амандастық.
Қанипа, тағы сәлем Ботан күйеу,
Біреуге, біреу себеп, болған сүйеу.
Соғыстан аман-есен қайтар болсам,
Өкпе болар , арттағы семьям жүдеу.
Атаның төрт шумақ өлеңіндегі, ауы-лдан аттанғаны, жары мен балаларын сағынғаны, колхоздың шаруашылығы мен дос жараның амандығын сұрауы қысқа да нұсқа келтірілген. Жанұясы мен балаларында назардан тастамауды, көмектесіп тұруды «Мен майдангермін» деп кеуде соқпай, кішіпейіл көңілмен, сыпайылықпен жеткізгені батырдың мейірімді жүрегінің, елін сүйген ақ тілегіндей көрінеді - дейді сексен екідегі қарт ана Күлзира сөзін тәмамдап.
Ер есімі, ел есінде екені осындай апалардың естелігінде, жалпақ жұрттың жадында.


Қайрат Бесбайыс

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз