Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай, Көкпекті ауданының орталығы Көкпекті ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Сағидолла Ағзамовтың туғанына 104 жыл толуына байланысты волейболдан дәстүрлі ХХХІІ - турнир болып өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Нұргүл Сарманова, әлеуетті кәсіпкер, турнир арналып өтіп жатқан ардагер Сағидолла Ағзамовтың ұлы - Ерік Ағзамов, жазушы жерлесіміз Айбек Тлеухан, самбодан Көкпектідегі тұңғыш спорт шебері Серікбосын Тлебалдин және аудандық мәслихаттың депутаты Дархан Дүйсенбаев қатысты.


Турнирге Көкпекті ауданы ауылдарынан 16 команда келді. Қатысушылар аудан орталығының орта мектептеріндегі спорт залдар да күш сынас-ты. Ойынның шарықтау шегі мәресінен білінді. Финалға шыққан 4 команда Самар, Көкпекті, Аққала, Қарағандыкөл ауылдарының спортшылары болды. Ала доптың ұрысты додасы қарағандыкөлдіктер мен аққалалықтар арасында болды. Үшінші орынға тігілген 100 мың теңгелік жүлде ауыр шайқаста көкпектілік жігіттердің қанжығасына байланды. Атағы бүгінде аспандап тұрған самарлық жігіттер алапат күшпен ала доптың апшысын қуырып, алаңды жаншып-ақ бақты. Әттегенесі, сол самарлық Кәрім Молдабаевтың екпініне шыдар жігіт болмай осы ауылдың жігіттерінің асықтары алшысынан тұрып - бас жүлде 250 мың теңгені иеленді. Олар – Александар Жуков команда капитаны, соққан добы көздеген жерге түсетін - Денис Кривко, тосқауыл қойғанда тасқамалдай- Иван Крюков, оңды-солды пас беретін -Таңат Абдуашов, допты алаңға түсіруді көкпектіліктерге көрсеткен - Азат Қожахметов, турнидегі ойынның сәнін келтірген, мәнін ашқан -Кәрім Молдабаев.
Қарағандыкөлдік ағайынды Әсет пен Бауыржан Әбетаевтар, осы турнир басталғалы қалмай ойнап жүрген Досхан Мусин мен Әділет Такенов, Тағы бір ағайынды жұп Жиенбаевтардан Мәди мен Дастан, Тілек және доп десе делебесі қозатын, әбжіл ойыншы Жасұлан Мәткәрімовтердің командасы - 150 мың теңгелік екінші жүлдені місе тұтты. Төрешілер Болат Юсупов, Алтай Нұрмұханбетов, Сәбит Темірхановтың ұйғарымымен Сағидолла Ағзамов турнирінің ең үздік шабуылшысы – көкпектілік Роман Браун, ең үздік қорғаушы – Арман Зайнулдинов, ойын байланыстырушы – Әсет Әбетаев болып танылды. Аудан орталығы Көкпекті ауылының командасы 3-ші орын алды. Осы жүлделі жолда әкелі-балалы Мұрат пен Ілияс ерен еңбек сіңірді. Алаңда ойнаған ала допты ұршықша үйірген әке-Мұрат, бала-Ілиясқа волейбол сабағын тамаша көрсетті. Турнирдің ашылуы барысында Нұрлан Қайратұлының орындауында патриоттық ән орындалды.
Турнирді қорытындылай келе, Сағидолла Ағзамовтың ұлы, елімізге белгілі тұлға, демеуші-меценат Мұхамедолла Ағзамов спортшылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.
Ардақты ардагер атамыз Сағидолла Ағзамов-тың 104 жылдық мерейтойына арналған та-ғылымды шара мақсатына жетті. Жас ұрпақты саламатты өмір салтына баулитын игі іс лайықты атқарылды. Ерлердің атын ардақтайтын осындай мерейлі істер көкпектіліктердің мәртебесін биіктете түсері айдай анық.

Қайрат БЕСБАЙЫС

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз