2018 жылдың 3 - 5 сәуір аралығында Семей қаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала дарыны» атты халықаралық байқауы өтті.
Халықаралық байқауға Асқар Сүлейменов бас-қарып отырған Балалар өнер мектебінің өнерпаз бүлдіршіндері бақ сынап, ауданымыздың үкілеген үмітін арқалап барып қайтты.
Байқауға Бақдаулет Мұрат, Арман Оразкен, Бекзат Талғатбекұлы, Дильназ Юсупова, Дина Ақылбаевалар вокал сыныбынан, «Балауса» кіші, үлкен би ұжымдары, «Жұлдыз-ай» би тобы, «Тұмар» және «Көркем» би топтары хореография сыныбынан қатысты. Вокал жанры бойынша халықаралық сайысқа 130-дай үміткер қатысып, Көкпекті ауданынан Мұрат Бақдаулет бас жүлдені және кубокты жеңіп алса, Бекзат Талғатбекұлы мен Дина Ақылбаева I дәрежелі дипломанттар атанып қайтты. Бақдәулет аудан намысын қорғап жүрген, жас өнерпаздардың бірі. Балалар өнер мектебінің вокал сыныбынан дәріс алғанына 10 жылдай уақыт болған шәкіртке ұстаздық еткен Дәурия Ахметжанова. Дәурия Семей қаласындағы М.Төлеубаев атындағы музыка колледжін хор дирижеры мамандығын тәмамдаған. Қазіргі күні өнер мектебінде вокалдан жетекшілік етумен қатар педагог-ұйымдастырушы қызметінде атқарады. Ал жас маман Айдана Есполованың жетекшілік етумен сабақ алушы Арман Оразкен мен Дильназ Юсупова қола жүлде медалімен марапатталды. Аудандық балалар өнер мектебінде би үйірмесіне жетекшілік етіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрген педагогтар Нарқыз Оспанова, Зура Оразаева. Ал, Ботагөз Маутбекова Тассай филиалының үйірме жетекшісі болып қызмет атқарады. Жас шәкірттерінің бойындағы биге деген қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Кәсіби мамандардан тәлім алған оқушылар нәтижесінде орындаушылық шеберлігімен және сахна мәдениетін игеруде жеңіске жетті. Олар орыс халқының биін орындаған «Балауса» үлкен тобы бас жүлдені, ал тәтті қимылдарымен көрерменді баурап алуымен ерекшеленген кіші «Балауса» ұжымы «Зонтик» биімен қола жүлдеге, «Жұлдыз-ай» «Пчелка» биімен қола жүлдені, «Тұмар» ұжымы «алтын» және «күміс» жүлде, «Көркем» би тобы «алтын» жүлде иегерлері атанып қайтты. Біздің өнерлі өрендеріміз, ата-аналарының ғана емес, ауданымыздың қошеметіне бөленіп жүр. Би үйірмесіне қатысатын оқушылардың негізгі іргетасын қалап, би үйірмесіне жетекшілік етіп жүрген ұстаздарға балалардың ата-аналары алғыстарын білдіреді.
ШОЛПАН НҰРҒАЛЫМОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.