1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Көкпекті аудандық тарихи-өлкетану мұражайында «1 наурыз - Алғыс айту күніне - игі дәстүр» атты шара өткізілді. Аталған шараға Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушылары және сынып жетекшілері қатысты.
Мұражай қызметкері Клара Смаилова мектеп оқушыларына 1 наурыз Алғыс айту күні туралы мағлұмат беріп, слайд көрсетіп бүгінгі шараның маңызына тоқталды.
- Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы - еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің қатарында. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні, - деді Клара Рафикқызы өз сөзінде. Мектеп оқушылары да, өздерінің алғыстарын жеткізді.
Тәуелсіз елі бар, көп ұлтты, ынтымақшыл халқы бар, кемел болашағы бар, оған деген сенімі нық мектеп оқушылары мұражайдан риза көңілмен тарқасты.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.